МҮМКІНДІКТЕР ШЕГІН КЕҢЕЙТ — СӨЙТІП, МЫҚТЫ КОМПАНИЯНЫҢ БЕНЕФИТТЕРІН КҮТ
Біз қызметкерлерімізді өз ішімізде жүйелі түрде оқытамыз және әлемнің түкпір-түкпірінде өтетін конференцияларға жібереміз.
Қызметкерлерімізге ерікті медициналық сақтандыру, ұялы байланыс (бұнсыз қалай енді!), электронды кітапхана ұсынылады және фитнес-клубтағы жаттығулары төленеді. Иә, дұрыс түсіндің: біз белсенді өмір салтын ұстанамыз және әртүрлі спорт түрлерінен болатын сайыстар үшін де төлеп береміз.
Үйде отырып жұмыс істегің келе ме, әлде әлемнің басқа бір нүктесіне қарай бет алғың келе ме? Түсінеміз. Біз гибридтік жұмыс форматын қолданамыз, сондықтан да біздің қызмектерлеріміз белсенді өмір сүреді және қонысын жиі өзгертеді.
Біз жетістіктерді көре білеміз және бағалаймыз. Сондықтан жеке қызметкерлерге және тұтас командаларға жылдық сыйыақыларды береміз.
Жайлы жағдайда жұмыс жаса
Біздің кеңсеміз – жарық және заманға сай жабдықталған, әрі қала орталығында орналасқан. Сол себепті, онлайн қоңыраулармен байланысып қана қоймай, қуана қарсы алуға да дайынбыз.