Монобрендті сату арнасын дамыту жөніндегі аумақтық менеджер
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Лауазымдық міндеттері:
  • Сату қызметінің жоспарларына, Коммерциялық дирекцияға және Компанияның стратегиясына сәйкес монобрендті желінің дилерлік кеңселерін дамыту және кеңейту бойынша стратегиялық жоспарлауға қатысу: орта және ұзақ мерзімді жоспарларды айқындау, бюджетті дайындауға қатысу;
  • Дилерлік монобрендті бөлшек сауда нүктелерінің желісін ұйымдастыру: Стратегиялық жоспарға сәйкес келісу, ашу, талдау;
  • Жоспарланған сату көлемін қамтамасыз етуге бағытталған дилерлік монобрендті бөлшек сауда орындарында сату жүйесінің жұмысын ұйымдастыру;
  • Компанияның негізгі және қосымша өнімдерінің сатылымын және орташа чегін ұлғайту арқылы дилерлік сауда нүктелерінің маржасын ұлғайту, бәсекелестердің дилерлік сауда желілерін бақылау (нүктелер санын, сауда шарттарын, өнімдерін және т. б);
  • Арнаның сатылымы мен маржасын ұлғайту мақсатында сауда талаптарын, дилерлік франшиза шарттарын өзгертуді бастау;
  • Компания дилерлерімен өзара тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
  • Монобрендті желідегі дилерлік кеңселердің сату бойынша жоспарлы көрсеткіштерін бөлуге қатысу және олардың орындалуын бақылау;
  • Дилерлік кеңселердің сатылымы мен кірісін арттыруға бағытталған бастамаларды әзірлеу;
  • Дилерлік сауда нүктелерінде шығындарды азайтуға бағытталған бастамаларды әзірлеу;
  • Монобрендті дистрибуциядағы негізгі өнім түрлерін ілгерілету және орналастыру;
  • Әртүрлі мотивациялық бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу және олардың жүргізілуін бақылау;
  • Есептердің қажетті түрлерін жасау, жүргізу және ұсыну;
  • Дилерлік франшиза бойынша өнім портфелін дамыту;
  • Өңірлік сату кеңселерінің қызметкерлерімен бірлесіп далалық сапарларға қатысу;
  • Супервайзерлерді өз бөлшек саудасымен жұмыс істеуге, келіссөздер жүргізуге, аудит жүргізуге, салон серіктестері мен қызметкерлерінің жұмысын бақылауға үйрету;
  • Сатуды технологиялық қамтамасыз етуге байланысты шығындарды азайту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, өткізуді экономикалық ынталандыру жүйесін қалыптастыру;
  • Маркетингтік бағдарламаларды, қызмет көрсету шарттарын және маркетингті монобрендті бөлшек сауда дилерлерімен келісу, сондай-ақ оларды заң, ұйымдастыру, қаржы және маркетингтік қызметтермен келісу;
  • Бөлімнің және Қызметтің процестерін оңтайландыруға бағытталған кросс-функционалдық жобаларға қатысу;
  • Сеніп тапсырылған бөлімшенің персоналын басқару, міндеттерді бөлу, бақылау, персоналды дамыту;
  • Монобрендті арна үшін өнімдерге, қызметтерге, телефондарға ассортименттік саясатты айқындауға қатысу;
  • Топтың KPI көрсеткіштерін бақылау және көрсеткіштер рұқсат етілген мәндерден ауытқыған жағдайда қажетті шараларды қолға алу;
  • Тиімді жұмыс процесін қамтамасыз ету мақсатында KPI белгіленген көрсеткіштерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың, ережелердің және бірыңғай қызмет көрсету рәсімдерінің орындалуын бақылау;
  • Топтың KPI көрсеткіштері нысаналы мәндерден ауытқыған жағдайда және/немесе апатты жағдайларда қолда бар нұсқаулықтарға сәйкес дереу қажетті шараларды қолға алу;
  • Егер қабылданған шаралар нәтиже бермесе, бұл туралы басшыға дереу хабарлау және болашақта мұндай жағдайды болдырмауға қажетті шараларды қолға алу;
  • Оқиғалардың есебін жүргізу, техникалық іркілістерді, топ жұмысының KPI нысаналы мәндерден елеулі ауытқу жағдайларын тіркеп алу;
  • Бизнес-процестерді жетілдіру және жұмыс нұсқаулықтарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды жіберу.
Қойылатын талаптар:
  • Білімі: Жоғары
  • Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі немесе бұқаралық нарықпен жұмыс тәжірибесі (қызметтерді көрсету саласында) кем дегенде 3 жыл;
  • Телекомда/FMCG-де сату саласындағы жұмыс тәжірибесі – кем дегенде 3 жыл;
  • Компанияның есептік жүйелерін 1-С, биллинг жақсы білу;
  • Монобрендтердің жұмыс принциптерін, қызмет көрсету және сату процедураларын білу;
  • Қызметкерлерді оқыту мен оларға мотивация берудің түрлерін білу;
  • Азаматтық құқық негіздерін және байланыс саласында қолданылатын заңнаманы білу (Байланыс туралы заң, Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелері);
  • Қойылған мақсаттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін, өзара қарым-қатынастарды орнату және кросс-функционалды байланыстарды ретке келтіру қабілеті;
  • Ұялы байланыс нарығын, ҚР FMCG білу;
  • Клиенттермен жұмыс тәжірибесі;
  • Келіссөздерді жүргізу тәжірибесі;
  • Құжаттармен жұмыс тәжірибесі.
Біз не ұсынамыз:
  • Жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...