Телеком арналарын басқару менеджері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Толық жұмыс күні
Алматы
ЖАСАЙ БІЛУ ЖӘНЕ ЖАҚСЫ КӨРУ КЕРЕК
  • Коммуникацияның CORE арнасын дамытуға және басқаруға бағытталған бастамалардың барлығында Owner ролін атқару. Кросс-функционалды жобаларға қатысу;
  • Коммуникация арналарын дамыту және басқару саласындағы инновациялық трендтерді анықтау мақсатында телеком нарығына мониторинг жүргізу;
  • Компанияның арнаны дамыту қажеттілігіне қатысты басқа функцияларынан мәліметтер жинау, оларды Компанияның басты көрсеткіштеріне әсер ету тұрғысынан бағалау;
  • Өнімдік Backlog құрастыру. Компанияның стратегиялық мақсаттарын орындауға арналған міндеттер тізімінің басымдылықтарын анықтау (бизнес-құндылығын, жүзеге асыру күрделілігін және тәуекелдерді бағалау);
  • Коммуникация арналарын дамыту аясында (өнім берушіні таңдау, серверлік жабдықтарды сатып алу және т.б.) тендерлерді өткізуге жауап беру (тендерлік құжаттамалар пакетін дайындау);
  • Серіктестік CORE арналар аясында (есептеулерді құрастыру, ФҚ (фискалды қызметке) жіберу және т.б.) ай сайынғы есеп айырысуларды жүргізу;
  • Гипотезалар құрастыру және оларды тексеруге арналған пилоттық жобаларды жүргізу (жүзеге асырылатын CVM науқандардың)
  • Компанияның стратегиялық мақсаттарына әсері). А/В тесттерді жүргізу және олардың нәтижелерімен таныстыру.
БІЗГЕ НЕ ҚАЖЕТ
  • Телекоммуникация саласында жұмыс тәжірибесі болуы тиіс;
  • Жобаны басқару тәжірибесі болуы тиіс. Байланыс операторы желісінің топологиясын (құрылысын) түсіну (техникалық білім) артықшылық береді;
  • Agile құрастыру ортасында (жобаның/өнімнің/шешімдердің өмірлік циклын басқару) жұмыс істеу тәжірибесі болуы тиіс;
  • Жобаларды жүргізу және операциялық қызмет құралдарымен (JIRA және т.б.) жұмыс істеу тәжірибесі болуы тиіс;
  • Шешімдерді және оның стратегиясын басшылыққа таныстыру үшін қарым-қатынас орнату және презентациялық дағдылары жоғары болуы тиіс;
  • Аналитикалық және креативті ойлау қабілетіне ие болуы тиіс;
  • ВІ жұмыс істей білу дағдысы болғаны жақсы, SQL білу артықшылық береді, Tableau жұмыс істеу тәжірибесі болуы тиіс
ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛМЕЙМІЗ
  • • Гибридті немесе қашықтан істейтін жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Join us!
Send your resume
change
Your resume is already on its way to our recruiters
We are reviewing it and will definitely get back to you if your experience fits our needs.
Meanwhile, keep an eye on the space of opportunities