Жүйе талдаушысы (FMC)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек
  • Бастамашымен және Компанияның шектес бөлімшелерімен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу (талаптарды нақтылау, талаптарды біріктіру, оларды жүйелендіру және формалдандыру, жасауға тартылған қатысушылармен бірге, іске асырудың егжей-тегжейлерін келісімдеу);
  • Ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара әрекеттестігін талдау және жобалау;
  • Бизнес талаптарын талдау және оларды сипаттізімге және жүйенің архитектурасына түрлендіру;
  • Бизнес-процестің өзгеруіне байланысты бизнес-талаптарды оларды кейіннен автоматтандыру тұрғысынан жүйелі талдауды, кез келген өзгерістердің жарамдылығын талдауды жүзеге асыру, талаптардың сәйкессіздігін жою;
  • Функционалдық талаптарды/техникалық тапсырмаларды қалыптастыру және жасауға нарядтарды қою арқылы, қызмет ішіндегі жасауға тартылған бөлімдерге өзгерістер енгізу, міндеттер қою туралы шешім қабылдау;
  • Конфигурацияға қойылған міндеттердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Талаптарды Confluence-те құжаттау және міндеттерді Jira-да жүргізу.
Бізге не қажет
  • Жүйені талдау немесе БЖ жасау саласында кем дегенде 2 жылдық жұмыс тәжірибесі;
  • АТ шешімдерді құруға қажетті бизнес машықтары мен жүйені талдау машықтары;
  • Талдау құралдары мен техникаларын білу;
  • MVP принциптерін білу және міндетті дұрыс декомпозициялай білу;
  • Ақпараттық жүйелердің архитектурасының негіздерін білу;
  • User Story түріндегі талаптарды сипаттау техникаларын білу;
  • Талаптарды құжаттау, талаптарды құжаттау құралдарын білу – Confluence/JIRA;
  • Бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклін және БЖ жасаудың негізгі әдіснамаларын түсіну;
  • ДҚ SQL/noSQL білу;
  • Интеграциялық шешімдерді құрудың архитектуралық принциптерін білу (REST, SOAP);
  • Деректерді модельдеу және талдау: Data Flow Diagrams, Sequence Diagrams, Entity-Relationship Diagrams, Class Diagrams, Use Case Diagrams, Activity Diagrams және BPMN-diagrams;
  • Agile/Scrum командаларында жұмыс істей білу.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр