Өзге бөлшек саудамен жұмыс істеу жөніндегі супервайзер (Қостанай қ.)
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл Толық жұмыс уақыты, толық күн Қостанай
Не істеу керек болады:
Салондарды басқару және ұйымдастыру – компанияның бөлшек сауда салондары мен дилерлік франшизаларындағы қызметкерлердің жұмысын басқару, персоналдың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, тапсырмаларды және міндеттерді бөлу.
Персоналды оқыту және дамыту, мотивация – қызметкерлердің тиімділігін арттыру үшін мотивациялық жүйелерді әзірлеу және енгізу. Персоналды басқару.
Мамандарға кеңес беру конфликтілік жағдайларды шешу кезінде – клиенттердің күрделі және ерекше мәселелерін шешуге көмектесу, шағымдар мен ұсыныстармен жұмыс істеу.
Салондардың жұмысымен байланысты жедел мәселелер бойынша өз құзыреті шеңберінде шешімдер қабылдау.
Салондарда тиімді сату жұмыстарын қолдау – сату жоспарларын жасау, сатуды талдау және маркетингтік шаралар ұйымдастыру.
Мерчандайзинг талаптарының орындалуын, тауардың бар болуын, дилер қызметкерлерінің білімі мен салондардағы модульдерді тексеру, нәтижелерді компанияның қосымшасында тіркеу.
Әкімшілік міндеттер, компанияның ережелері мен процестеріне сәйкестігін қамтамасыз ету – құжат айналымы, материалдық құндылықтарды бақылау, мерчандайзинг және салонның сыртқы көрінісін бақылау.
Алаяқтық жағдайларын алдын алу – мониторинг жүргізу және талдау, персоналды оқыту, қауіпсіздік бөлімімен өзара әрекеттесу.
Төмендегідей тәжірибеңіз болмаса, қиын болады:
Білім деңгейі: Жоғары, орта арнайы, аяқталмаған жоғары білім.
Сату немесе қызмет көрсету саласында 3 жыл жұмыс тәжірибесі (басқаруда - кемінде 1 жыл).
Бастапқы бухгалтерлік құжаттамамен және кассалық операциялар бойынша есептілікпен жұмыс тәжірибесі.
Наликті ақша және POS-терминалдармен жұмыс тәжірибесі.
Клиенттермен қарым-қатынас орнату дағдылары, байланысқа бейімділік.
Жоғары деңгейдегі эмпатия.
Дұрыс және сыпайы сөйлеу.
Мәліметтер базаларымен және статистикалық есептермен жұмыс істеу.
Тұрақты еңбекақы және онымен шектелмейді:
Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға қатысу.
Қосымша 4 күн демалыс — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн демалыс.
Жылдық бонус KPI нәтижелері бойынша.
Корпоративтік ұялы байланыс.
Косымша медициналық сақтандыру, стоматология және дәрі-дәрмекпен қамту, екі жақын туысты тегін қосу мүмкіндігі.
Фитнес абонементтеріне жеңілдіктер және бөліп төлеу мүмкіндігі.
Жеке ноутбук қолданғаны үшін ақша түрінде өтемақы.