Монобрендті салонның супервайзері (Алматы қ.)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы қ.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • ШОБ-тан корпоративтік клиенттерді тарту саласындағы жұмысты өз жауапкершілігіне ала отырып ұйымдастырады, қойылған міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Белсенді сатумен айналысатын жетекші және аға мамандардың жұмысын өз жауапкершілігіне ала отырып жолға қояды, бақылайды, оқытады, сыйақылардың төленуін қадағалайды және еңбек қатынастарын жабу процедурасына қатысады;
  • Корпоративтік клиенттердің ұялы байланыс саласындағы және өзге де өнімдерге (SIP-телефония, VAS қызметтері және Компанияның басқа да севристері мен қызметтері) қатысты қажеттіліктерін зерттейді және талдайды;
  • Мониторингті жүзеге асырады және белсенді сату арнасын дамытады;
  • Бар корпоративтік клиенттерге арнап, әрі қарай іске асыру мақсатында Компания қызметтерінің тиімді презентациясын дайындауды жүзеге асырады;
  • Ішкі есеп жүйесінің талаптарына сәйкес, жүргізілген жұмыстар туралы есептерді уақытылы ұсынады;
  • Клиенттерді қажетті сервиспен қамтамасыз етеді және корпоративтік клиенттерге жеңілдіктер ұсыну туралы мәселені өз уәкілеттіктері шегінде шешеді
  • Өзінің тікелей басшысының және Компаниядағы бағыныстылығы бойынша басшысының бұйрықтары мен өкімдерін орындайды;
  • Сұрауларға сәйкес, мерзімді және бір рет берілетін есептерді ұсынады;
  • Басшының алдында жүргізілген жұмыстар және қол жеткізілген нәтижелер туралы ауызша және жазбаша есеп береді;
  • Компанияда ұсынылатын қызметтердің сапасына қалай болса да әсерін тигізуі мүмкін болған кез-келген оқиға туралы ақпаратқа, сондай-ақ корпоративтік клиенттерді жоғалту немесе пайданың төмендеу қаупіне жедел жауап берілуін жүзеге асырады және басшылық пен мүдделі бөлімшелерге хабарлайды;
  • Кіріс/шығыс хат-хабарды өңдеуді жүзеге асырады;
  • Топтың, Бөлімнің және Қызметтің процестерін оңтайландыруға бағытталған кросс-функционалды жобаларға қатысады.
Біздің үздік үміткеріміз:
  • Білімі: жоғары;
  • Басшылық лауазымда кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Жан-жақты ойлай білу;
  • Нәтижеге бағдарлану;
  • Көшбасшылық қасиеттер.
Карьералық өсу, ресми жұмысқа орналасу және бұлар ғана емес:
  • Тұрақты еңбекақы және жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change