Телемаркетинг бөлімінің маманы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Біздің командамыз Tele2/Altel қызметкерлері мен абоненттеріне қолдау көрсетеді. Біз маңызды жұмысты атқарамыз, қызықты міндеттерді шешеміз және компанияның дамуына өз үлесімізді қосамыз. Сенің қолыңнан келеді! Біз немен айналысу керегін айтып береміз және үйретеміз.
Сен немен айналысасың:
  • Біздің абоненттерімізге қоңырау шалып, компанияның өнімдері мен қызметтерін ұсынасың;
  • Абоненттердің қажеттіліктерін анықтайсың және оларға өнімнің артықшылықтарын таныстырасын;
  • Бізбен бірге өсіп, дамисың.
Сен бізге сай келесің:
  • Егер ақкөңіл болсаң және адамдарға көмектескенді жақсы көрсең;
  • Адамдармен араласып-құраласқанды ұнататын болсаң және қарым-қатынас жасау дағдыларың жақсы дамыған болса – сауатты әрі анық сөйлейтін болсаң;
  • Қазақ және орыс тілдерін жетік білетін болсаң.
Біз саған не ұсынамыз:
  • Тамаша командадағы әріптестердің қолдауы;
  • Тұрақты және ашық сыйақы беру жүйесі;
  • KPI орындағаны үшін еңбекақыға үстеме ақылар;
  • Қала орталығында орналасқан, ойын ойнауға немесе жай ғана демалуға болатын демалыс аумақтары бар заманауи кеңсе;
  • Оқу және даму;
  • Ерікті dress - code;
  • Қызметтік ұялы байланыс;
  • Медициналық сақтандыру.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change