Call-орталықтың операторы
Еңбекақысы: қолына 160 000 KZT, бонустарды қосқанда
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді
Толық жұмыстылық, толық күн
Алматы
Клиенттерге қызмет көрсету индустриясындағы ең беделді «Хрусталь Гарнитура®» бағдарламасының 500 орынға дейінгі санаттағы «Үздік байланыс орталығы» номинациясының 2023 жылғы жеңімпазы.
Біздің компаниямыз жеңіске жетуді қалайтындар мен жеңіске жетуді жақсы көретіндерге арналған!

Өз әлеуетіңді толық ашуға дайын болсаң, бізге қосыл!
Сенің жұмыс тәжірибең қанша екені бізге маңызды емес, бастысы – дамуды және адамдарға көмектесуді қалау, ал қалғанын өзіміз үйретіп аламыз.
Tele2 мен Altel-де жұмыс істеу дегеніміз – ол:
  • мақсат етілген көрсеткіштерді орындаған жағдайда, еңбекақы тоқсан сайын көбейіп отырады
  • икемді жұмыс графигі
  • қала орталығындағы заманауи кеңседегі ыңғайлы жұмыс форматы
  • Қазақстанның кез келген түкпірінде отырып, қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі
  • даму және карьера жолымен жоғарылау үшін корпоративтік оқыту
  • позитивті және достық ниеттегі ұжым, тәлімгерлер мен басшылардың жұмыс барысындағы қолдауы мен көмектесуі
  • кешкісін үйге апарып тастау
  • керемет әлеуметтік пакет (ұялы байланыс, медициналық сақтандыру)
  • фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен
  • спорттық марафондарға қатысқаны үшін берілетін өтемақы
  • өзінің жекеменшік техникасын (ноутбук) пайдаланғаны үшін ай сайын берілетін өтемақы
  • жарқын корпоративтік өмір
Немен айналысу керек:
  • абоненттерге байланыс мәселелері, тарифтер мен қызметтер туралы консультация беру
  • абоненттердің әртүрлі мәселелерін шешуге көмектесу
Сенің кандидатураңды қарауға дайынбыз, егер сен:
  • орыс және/немесе қазақ тілдерін жақсы білсең
  • ауқымды ақпарат көлемімен жұмыс істеуге дайын болсаң
  • стресске төзімді болсаң және әртүрлі адамдардың тілін таба алатын болсаң
  • тәртіпті және белсенді болсаң
  • нәтижеге жетуді көздесең
  • компьютерді сенімді пайдалана алсаң, жылдам тере білсең
Егер сен қашықтан жұмыс істеуді мақсат етсең, мыналар қажет болмақ:
  • компьютер немесе ноутбук (Windows7 немесе 10)
  • құлаққап, микрофон және жылдамдығы жақсы интернет
  • тыныш жұмыс орны, алаңдататын факторлардың болмауы
Негізгі машықтар
  • Орыс тілі — C2 — жетік білу
  • Қазақ тілі — C2
  • Сауатты сөйлеу
  • Командада жұмыс істей білу
  • ДК пайдаланушысы
  • Адамдармен қарым-қатынас орната білу, жауапкершілік
  • Нәтижені көздеу
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
«Жіберу» батырмасын басу арқылы Мен сауалнамадағы және қоса ұсынылып отырған барлық файлдардағы өзімнің жеке деректерімді осы сайтта, «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясы маған вакансияларды ұсына алуы үшін ғана беруге келісемін. Мен, Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес, өз деректерімнің компанияда 12 ай бойы сақталатынын және өңделетінін түсінемін және соған келісімімді беремін.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...