Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек
Техникалық шешімдерді және архитектураны жасау;
Жобаларды басқару және енгізу;
Жобаларды техникалық қолдау және іске асыру үшін, әртүрлі командалармен, жасаушылар командасымен, инженерлер командасымен, сондай-ақ маркетинг және сату бөлімдерімен ынтымақтасу және өзара байланыста болу;
Ағымдағы жүйелерді жақсартулар тұрғысынан бағалау, тиімділік пен өнімділікті арттыру үшін архитектураны жаңарту және оңтайландыру. Компания жобаларына енгізу мүмкіндігін қарастыру үшін, саладағы трендтер мен жаңа технологияларды талдау;
Өнімділік, үйлесімділік және қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, жүйелердің жұмыс процесінде туындайтын проблемаларды айқындау және шешу;
Сыртқы және ішкі қауіптерден қорғауды қоса алғанда, деректер мен жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялар мен шешімдерді әзірлеу;
Техникалық құжаттаманы жасау және қолдау, оның ішінде архитектуралық диаграммаларды, жүйелерді пайдалануға қатысты сипаттізімдер мен нұсқаулықтарды;
Консультациялық қолдау, техникалық экспертиза мен ұсынымдарды ұсыну.
Бізге не қажет
Ақпараттық технологиялар саласында архитектураға, бағдарламалық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге баса назар аудара отырып, кем дегенде 3 жыл жұмыс істеген болу;
Архитектураны жобалау тәжірибесі: жүйенің архитекторы немесе сонымен байланысты рөлдердегі кем дегенде 3 жылдық тәжірибесі болуы тиіс, соның ішінде ауқымды және күрделі жүйелерді жобалау және енгізу бойынша;
Күрделі мәселелерді талдау және инновациялық шешімдерді әзірлеу қабілеті;
Перспективаны тұтас картина ретінде көре білу және бизнес мақсаттарға жету жолында стратегиялық ойлауды қолдану.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз
Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
Корпоративтік ұялы байланыс;
Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;