БЖ жасау бойынша сарапшы (TechTribe)
Жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні

Жасай білу және жақсы көру керек:
· Бағдарламалар мен алгоритмдерді әзірлеу, оларды тестілеу және ретке келтіру;
· Тапсырмалар бойынша талаптарды нақтылау үшін компания қызметкерлерімен өзара әрекеттестікте болу;
· Қосымша талаптар негізінде әзірленген бағдарламаларды жетілдіру;
· Техникалық құжаттаманы әзірлеу;
· Қойылған міндеттерді шешу үшін дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндіктерін айқындау.
Бізге не қажет:
· Жұмыс тәжірибесі: Java, Spring, Java EE, JBoss AS, Oracle (SQL, PL/SQL), Git, Docker, K8S дерекқорларымен жұмыс істеу;
· Үлкен артықшылығы болмақ: RabbitMq, Apache Kafka, Linux-ті жақсы білу;
· Көп қолданылатын, көп ағынды, жоғары жүктемелі қолданбаларды, бөлінген микросервистерді әзірлеу тәжірибесі.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
·Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
· Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
· Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
· KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
· Корпоративтік ұялы байланыс;
· Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
· Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
· Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
· Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр