БЖ жасаушы аға сарапшы (api.tele2.kz)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Бағдарламалар мен алгоритмдерді жасау, оларды сынаумен және ретке келтірумен айналысу;
  • Тапсырмалар бойынша талаптарды Компания қызметкерлерімен бірлесе нақтылау;
  • Жасалған бағдарламаларды қосымша талаптарға сәйкес жетілдіру;
  • Техникалық құжаттамаларды жасау;
  • Қойылған міндеттерді шешу үшін, дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндіктерін айқындау.
Бізге не қажет:
  • Төмендегілермен жұмыс тәжірибесі: Java, Spring, Java EE, JBoss AS, Oracle ДҚ (SQL, PL/SQL), Git, Docker, K8S;
  • Үлкен артықшылығы болмақ: RabbitMq, Apache Kafka, Linux-ті жақсы білу;
  • Көп қолданушыларға арналған, көп ағынды, жоғары жүктемелі қолданбаларды, бөлінген микросервистерді дамыту тәжірибесі.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің ыңғайлы басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр