Радио желіні оңтайландыру бөлімінің аға инженері
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Міндеттері:
  • Радиопараметрлерді базалық станцияның түрі мен конфигурациясына қарай түзету
  • Радиокірудің барлық технологиялары аясындағы көршілестік менеджментін күн сайын жүргізу
  • Статистиканы талдау және кіру желісінің спектрлі тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстарды дайындау
  • Тиісті аппараттық-бағдарламалық кешендерді пайдалана отырып, радио желісінің сапасын бақылауға арналған драйв-тесттерді ұйымдастыру және өткізу (мысалы, Nemo Outdoor немесе Tems Investigation, ROMES)
  • Тиісті бағдарламалық кешендерді пайдалана отырып, драйв-тесттерді қолданғаннан кейінгі өңдеу және талдау (мысалы, Nemo Analyze немесе Tems Discovery)
  • Радиожелінің сапасын бақылау үшін, базалық станциялар және олардың контроллерлері бойынша статистикалық деректерді ұдайы жинап отыру және талдау
  • Базалық станциялардың жұмысындағы қателерді табу
  • Радиожелі жұмысының сапасын жақсартуға қажетті ұсыныстарды дайындау
  • Жабдық өндірушілермен (вендорлармен) және олардың қосалқы мердігерлерімен радиожелінің оңтайландыру мәселелері бойынша, сондай-ақ әріптестермен бірлескен жобалар бойынша өзара әрекеттестікте болу
  • OSS жүйелерінің функционалын пайдалана отырып, нақты уақыттағы өлшемдерді жасау (нақты уақыттағы KPI-ді өлшеу, абоненттердің, секторлардың трейстерін жүргізу және т.б.)
  • Жаңа жабдықты және радиожелінің жаңа функционалын сынақтан өткізу.
Қойылатын талаптар:
  • Білімі – жоғары, телекоммуникациялар саласында немесе соған бара-бар мамандықта бакалавр және/немесе магистр дәрежесі
  • Телекоммуникациялар саласындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 3 жыл
  • Электрмагниттік толқындарды беру теориясын жақсы білу, АФҚ тракттарының қасиеттерін білу, спектр талдағышымен жұмыс істей білу
  • CDMA/GSM/UMTS/LTE/5G/NB-IOT ұялы байланыстың негізгі радио технологияларының негіздерін, архитектурасын және мобильді байланыс құру принциптерін білу
  • 5G NSA/SA радио желілерінің интерфейстерін, архитектурасын құру принциптерін білу
  • NR-5G радиоинтерфейсінің негіздерін білу
  • VoLTE технологиясының негіздерін білу
  • Радиоресурстарды бірлесе пайдалану принциптерін түсіну (MORAN/MOCN)
  • NB-IoT желілерін құру принциптерін түсіну
  • Радиопараметрлер саласын жақсы білу
  • OSI моделінің негіздерін, TCP/UDP, SCTP, MTP3 деректерді беру желілерінің хаттамаларын және т.б. білу
  • Әртүрлі вендорлармен (Huawei/Ericsson/Nokia) жұмыс тәжірибесі
  • U2000/iMaster MAE Huawei, PRS, Forsk Atoll, Infovista Mentum, Tems Investigtion, Tems Discovery, Nemo Outdoor, Nemo Analyze, Nastar бағдарламалық жасақтамаларымен жұмыс істей алу
  • Rohde&Schwarz ROMES, SmartOne бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары
  • MySQL, PostgreSQL, SQLite дерекқорларын білу
  • R, Python, php, VBA бағдарламалау тілдерінің бірін білу.
Жасалатын жағдайлар:
  • Жылдық лайықты сыйақы;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Корпоративтік ұялы байланысты төлеп беру;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...