Коммутациялық, RAN және трансмиссиялық желіні мониторингтеу тобының ауысым инженері
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Астана
Міндеттері:
Барлық желілік элементтерді мониторингтеу;
Желідегі апатты дер кезінде оқшаулау және мәселені көтеру;
Call орталықтан түскен өтінімдермен жұмыс;
Көлік желісіндегі, желілік элементтердегі оқиғаларды дер кезінде жою;
Жоспарлы, интеграциялық жұмыстарды, басқа бөлімшелермен бірлесіп апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын орындау;
Күн сайынғы, апта сайынғы, ай сайынғы есептерді жүргізу және жіберу;
ҚТ ТЖМ сұраулары бойынша халыққа жаппай СМС хабарламаларды жіберу;
Мердігер ұйымдардың қызметкерлерімен бірге БС жоспарлы профилактикалық жұмыстарын жүргізу және жаңа БС іске қосу барысында, пайдалану бөлімі/FLM инженерлерімен бірлесе отырып сыртқы апаттарды тексеру;
250+ және MOCN 24/7 жобалары аясында оқиғалар, апаттық жұмыстар, абоненттердің шағымдары бойынша құлақтандыру және Кселл/Билайн-мен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу;
Апаттан соң қалпына келтіру жұмыстары, жоспарлы жұмыстар және жалға алынған арналардың құлауымен/құлдырауымен байланысты оқиғалар бойынша Қазақтелекоммен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу.
Тәжірибесі мен дағдылары:
Телекоммуникациялар саласында кем дегенде 1 жыл;
GSM/UMTS/LTE, OKC7 теориялық негіздері;
Техникалық және ауызекі ағылшын тілін жақсы меңгеру;
Microsoft Word, Excel, Power Point, Microsoft Visio бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары.