SEO менеджер
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Міндеттері:
  • Компания сайттарының, қолданба беттерінің орындарына және бәсекелестердің орындарына мониторинг жасау;
  • Компания сайттарына SEO-аудит және қолданба беттеріне ASO-аудит жүргізу;
  • Сайттар мен қолданба беттерін іздеуде қолданылатын сұрауларға орай оңтайландыру;
  • Іздеуге сәйкес берілуі жағынан жақсы нәтижеге жеткізу үшін, сайттарды және қолданба беттерін ілгерілету стратегиясын жасау;
  • Семантикалық ядро қалыптастыру;
  • Веб-аналитика, қолданбалар аналитикасы және іздеуді оңтайландыру құралдарымен жұмыс;
  • Жүйелі түрде берілуі тиіс есепті ұсыну.
Қойылатын талаптар:
  • Осыған ұқсас лауазымда кем дегенде 2 жылдық жұмыс тәжірибесі;
  • Парақшалардың іздеуден көрінуін ілгерілету дағдысы;
  • Веб-сайттарды талдау жүйелерімен жұмыс істей білу;
  • Іздеу жүйелері алгоритмдерінің жұмысы саласында білімінің болуы;
  • Сайттардың жасалуын және парақшаны беттеуді түсіну;
  • Нәтижеге жетуге ынталы болу;
  • Командада жұмыс істей білу;
  • Тәртіптілік.
Біз не ұсынамыз:
  • Жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе;
  • Гибридті жұмыс форматы;
  • 3 түрлі жұмыс кестесі: 08:00 - 17:00; 09:00 - 18:00; 10:00 - 19:00.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...