Аға заңгер
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан астам
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні

Жасай білу және жақсы көру керек:
·       Өкілеттігі шеңберінде консультациялар беру және құқықтық көмек көрсету;
·       Құқықтық құжаттарды дайындау және ресімдеу кезінде құрылымдық бөлімшелерге қолдау көрсету;
·       Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысу;
·       Өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қоса алғанда, құрылтай құжаттарын әзірлеу және өзектендіру;
·       Басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер және өзге де құжаттардың жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру;
·       Келісу кезеңдерінің сақталуын бақылау, құжаттарға бұрыштама қою, заңнаманың өзгеруіне байланысты актілерді өзгерту немесе жою қажеттілігі туралы нұсқамалар беру;
·       Шарттық қатынастардың түрін анықтау, шарттарды әзірлеу және құқықтық тұрғыдан сараптау;
·       Контрагенттер ұсынған шарттардың жобаларын талдау және шарттардың талаптары бойынша келіспеушіліктерді шешуге қатысу;
·       Бекітілген бөлімшелердің қызметі шеңберінде шағымдар мен талаптарды қарау және қолдау;
·       Құқықтық қорытындылар дайындау және дауларды реттеу жөніндегі келіссөздерге қатысу;
·       Лицензиялар мен рұқсаттар алуға қажетті өтінімдерді, өтініштерді және басқа құжаттарды дайындау;
·       Бақылау-қадағалау органдары жүргізетін тексерулер кезінде ұйымның мүдделерін білдіру, процестік нормалардың сақталуын және тексеру нәтижелерінің дұрыс ресімделуін бақылау;
·       Компанияның Басқармасы мен басқа да басқару органдарының корпоративтік шешімдерін ресімдеуге қатысу.
Бізге не қажет:
  • Жоғары заң білімі;
  • Жұмыс тәжірібесі азаматтық-құқықтық сипаттағы заң саласында кемінде 7 жыл, оның ішінде телекоммуникация саласында кемінде 5 жыл;
  • Азаматтық заңнаманы, әкімшілік, іс жүргізу, корпоративтік құқықты білу, қызметтік мақсатта заманауи коммуникация құралдарын пайдалану дағдылары;
  • Соттарда өкілдік ету және мүдделерді қорғау дағдылары;
  • Тілдерді білу: ағылшын тілі – еркін сөйлеу (IELTS-6.0 немесе TOEFL-75 төмен болмауы тиіс).
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
·       KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
·       Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
·       Корпоративтік ұялы байланыс;
·       Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
·       Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
·       Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
·       Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр