Жасауға қойылатын талаптарды жинау, талдау, құжаттау және басқару;
Жүйеде және басқа да байланысты жүйелерде (Биллинг, PCRF, GGSN, Digital, CRM, 1С және т.б.) Тапсырыс берушілердің талаптарын іске асыруға қажетті оңтайлы шешімдерді талдау және іздеу;
Жасауға қажетті құжаттаманы қалыптастыру, IT-жүйені жобалау кезеңдерінің басы-қасында болу;
Жасаушылармен және сыртқы бөлімшелермен жүйедегі/жүйелердегі өзгерістерді келісу;
Жобалау шешімдерін компанияның техникалық саясаты мен қауіпсіздік саясатына сәйкестігі тұрғысынан валидациялау;
Өзгерістерді енгізер алдында олардың әсерін бағалап алу және өзгерістерді келісу процесіне тиісті сарапшыларды уақтылы тарту.
Бізді не қызықтырады:
АТ шешімдерін құруға қажетті бизнес-машықтар мен жүйені талдау машықтары;
Талдау құралдары мен техникаларын білу;
MVP принциптерін білу және міндеттерді дұрыс бөле алу;
BPMN/UML/EPC/IDEF0/IDEF3 немесе соларға ұқсас нотацияларда күрделі тұжырымдар мен модельдерді түсінікті визуалдап көрсету дағдылары;
Талаптарды құжаттау, талаптарды құжаттау құралдарын білу – Confluence/JIRA;
Бағдарламалық жасақтаманың өміршеңдік циклін және БЖ жасаудың негізгі әдістемелерін білу;
Жобалау паттерндерін білу;
Интеграциялық шешімдерді құрудың архитектуралық принциптерін білу (SOA, ESB, REST, SOAP);
Дерекқорлардың SQL-ін және DWH, ETL-процедураларын құру принциптерін білу;
DevOps міндеттерін түсіну;
Agile/Scrum командаларында жұмыс істей білу;
UI/UX командасымен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу машықтары.
Жалақымен ғана шектелмейміз:
Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
Корпоративтік ұялы байланыс;
Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;