Senior Strategy Manager
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні

Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Стратегияны жүзеге асыру шараларын дайындау және сүйемелдеу: басымдылықтарды анықтау, бастамашылық картасын дайындау, трекинг жүйесін құру және акционерлерге есеп беру;
  • Стратегиялық шолуларды (strategy recap) жүргізу – стратегиялық шолуларды дайындау және басты сұрақтарды акционерлердің талқылауына шығару;
  • Күрделі тақырыптармен айналысу – танысу, гипотезалар құру, бизнес-мәселелерді шешу, функциялармен әрекеттесу;
  • Problem solving әдісін қолдану – міндеттерді жылдам ажыратуға, мәселенің түйінін табуға және шешім қабылдауға қолдану;
  • Бастамалар енгізу – стратегиялардың сәйкестігін бақылау және кросс-функционалды үйлесімділікті қамтамасыз ету;
  • Жаһандық трендтерді қадағалау – бенчмаркинг, инновацияларды іздестіру және компанияның дұрыс бағыт таңдауына көмектесу;
Бізге не қажет:
  • Стратегиялық немесе менеджмент-консалтингтегі тәжірибесі 3 жылдан басталады;
  • Құрылымды түрде ойлау, тақырыпқа жылдам кірісу және қорытындылар шығара білу қабілеті;
  • Слайдтарды жақсы көру – біз нақты сторилайнды, Минто қағидаларын және біркелкі дизайнды жақсы көреміз, себебі СЕО және акционерлермен жұмыс істегенде мұның маңызды екеніне сенімдіміз.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
·       Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
·       Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
·       Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
·       KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
·       Корпоративтік ұялы байланыс;
·       Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
·       Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
·       Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр