Offline арналарда смартфондардың сатылымын дамыту бойынша аға маман
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы
Міндеттері:
Трейд маркетингпен және вендорлармен бірлесе отырып, бөлшек сауданың рәсімделуін бақылау және қалыптастыру;
Offline арналар үшін сатуларды қалыптастыру, бақылау және орындалу фактісін түзетіп отыру;
Тауардың сауда нүктелерінде бар болуы, матрицаға сәйкес келуі мәселелерін бақылауда ұстау және сол бойынша әріптестермен байланыста болу;
Маркетинг бөлімімен бірге маркетингтік іс-шаралар жоспарын жасайды, Offline арналарда трафикті жоғарылату үшін, смс арқылы хабарлаудың іске қосылуын ұйымдастырады және бақылайды;
Персоналды оқыту жоспарын жасауға қатысу және бақылау;
Дилерлерге өткізген смартфондары үшін ақы төлеуге қатысу және бақылау;
Сату тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу (сату воронкасын жақсарту);
Altel/Tele2 сауда нүктелерінің екінші деңгейлі банктерге қосылуын ұйымдастыру және бақылау;
Offline арналардағы клиенттің жолын жақсартуға арналған ұсыныстарды әзірлеу.
Қойылатын талаптар:
Білімі: Жоғары (аяқталған/аяқталмаған) математикалық / техникалық /экономикалық/ қаржылық білім;
Ұялы оператор саласындағы жұмыс тәжірибесі – кем дегенде 1 жыл / ірі ритейлерде (жауапкершілігі – сауда нүктелерін басқару және дамыту) – кем дегенде 2 жыл;
Абоненттердің құрылғыларының (смартфондар, планшеттер және басқасы) техникалық сипаттізімдерін білу;
Жақсы аналитикалық білімдер, мерчандайзинг дағдылары, болжамдарды жасай алу және басқасы;
Адамдармен тіл табыса білу, жақсы презентациялық дағдылар, ашықтық, жауапкершілік, бастамашылдық, білімқұмарлық;
Excel-ді жақсы меңгеру, графиктерді құра білу, Power point-те презентацияларды жасай алу, жобаларды басқару бойынша бағдарламаларды меңгеру;
Тілдерді білуі: Қазақ тілі – ауызекі сөйлесе алуы тиіс (білгені жақсы), Орыс тілі – еркін меңгеруі тиіс, Ағылшын тілі – білгені жақсы.