Бенчмаркинг және желі аудитінің жетекші инженері

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Төмендегілерді сізге сеніп тапсырамыз:
·            Драйв-тесттер түрінде және Crowdsource мәліметтерін пайдалана отырып, Benchmarking және ҚР мобилді операторлардың радиожелілері аудитінің жоспарын құру және оларды жүргізуге тікелей қатысу;
·            Benchmarking жобалары мен сценарийлерін дайындау;
·            Статистикалық мәліметтер негізінде желінің күнделікті талдауын жүргізу;
·            Жүргізілген benchmarking шараларының нәтижесі бойынша есептемелерді дайындау;
·            Action plan дайындау және талдама жасау, оның орындалуын бақылау;
·            Tableau бизнес-аналитика платформасында жүргізілген Benchmarking нәтижелері бойынша алынған мәліметтер мен инсайдтарды визуалдау;
·            Көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мемлекеттік реттеушіден түскен хабарламаларды өңдеу.
Сізден төмендегілерді күтеміз:
·            Білімі: жоғары техникалық;
·            Жоспарлау, радиожеліні оңтайландыру/дамыту/сапасын бақылау бағытында жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес;
·            GSM/UMTS/LTE/NR NSA/NR SA стандартты желілердің құрылымын және құрылыс қағидаларын білу;
·            Радиобайланыстың, антенналық-фидерлік құрылғылардың және радиотолқындардың таралуының негізгі қағидаларын білу;
·            Радиоресурстарды (MORAN/MOCN) бірлесіп пайдаланудың қағидаларын түсіну;
·            Драйв-Тесттерді өткізуге арналған өлшеу жабдықтармен жұмыс істеу, өлшеу нәтижелерін өңдеу тәжірибесі;
·            OSS Huawei жүйесімен жұмыс істеу тәжірибесі;
·            Python тілін білу. Кестелік деректермен жұмыс істеу;
Дерекқормен жұмыс істеу.

Жалақыдан басқа не ұсынамыз:
·            Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
·            Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
·            Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
·            KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
·            Корпоративтік ұялы байланыс;
·            Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
·            Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
·            Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
·            Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
·            MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр