Абоненттер базасын дамыту жөніндегі аға менеджер
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • LTV-ні арттыруға бағытталған абоненттер базасын дамыту стратегияларын жасау және іске асыру;
  • Абоненттер базасын дамытуға қатысты іс-шаралардың операциялық жоспарын жасау және іске асырылуын бақылау;
  • Абоненттер базасымен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында белгілі бір сегменттер мен паттерндерді анықтау үшін абоненттер базасын талдау;
  • Міндеттерді қоятын, мақсаттарды айқындайтын және қызметкерлерді жеке дамыту жоспарын жасайтын мамандар командасын басқару және дамыту;
  • Әртүрлі болжамдарды жасау және сынап көру процесін басқару, абоненттер базасын дамытуға бағытталған бизнес кейстерді есептеу;
  • Абоненттер базасын дамыту бойынша негізгі KPI-ге бағытталған мақсатты маркетинг науқандарын жасау және іске асыру процесін лидтеу;
  • Мақсатты маркетинг науқандарының тиімділігін жүйелі түрде бағалап отыру, науқандардың жұмыс процесін және әдіс-тәсілдерін ұдайы оңтайландыру және жақсарту;
  • Предиктивті/сипаттамалық модельдерді жасау тұрғысынан Data office-пен кросс-функционалды байланыста болу;
  • Компанияның кросс-функционалды жобаларына абоненттер базасын дамыту тұрғысынан қатысу/лидтеу.
Біздің үздік үміткеріміздің машықтары:
  • Мақсатты маркетинг саласында 4 жылдан астам, басшы лауазымдарда кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Телекоммуникация саласында және CVM құрылымдарында жұмыс істеген болса, нұр үстіне нұр;
  • Команданы басқару тәжірибесі, тиімді жұмыс процесін құра білу, қызметкерлерге мотивация бере алу және дамыту;
  • Ауқымды ақпарат көлемімен жұмыс істей алу, бизнес кейстерді есептеу және деректер негізінде шешім қабылдау тәжірибесі;
  • Бизнес процестері мен мақсатты маркетинг қағидаларын түсіну;
  • Мақсатты науқандардың дизайнын жасау/іске қосу/басқару тәжірибесі;
  • A/B тесттерін жүргізу және одан кейінгі нәтижелерді талдау тәжірибесі;
  • SQL-ді білсе, артықшылығы болмақ.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің ыңғайлы басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі;
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change