Желіні басқару орталығының аға менеджері

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Қолынан келетін және жақсы көретін дағдылары:
· Телекоммуникация саласының технологияларын (GSM/UMTS/LTE/5G) терең түсіну. Мониторинг және аналитика жүйелерімен (U2020/NCE/Zabbix/Garana/Tableu) жұмыс істеу тәжірибесі;
· Бөлімнің тиімділігін арттыруға арналған процестерді оңтайландыру/автоматтандыру әдістерін білу және оларды енгізу;
· Шешім қабылдай алу және ірі көлемдегі деректерді талдай білу, және нәтижесін түсінікті түрде ұсыну;
· Компания аясында да, одан тыс жерде де жүйелерді құрастыру/интеграциялау саласындағы тәжірибеге ие болу. Өзекті скриптттерді/in-house өнімдерді қолдау/оңтайландыру;
· Компанияның қоланыстағы және жаңа жобаларының аясында бизнес-процестерді енгізу. ТТ, жұмыс процестерінің сипаттамаларын және басқа да техникалық құжаттаманы құрастыру, мониторинг жүйелерін іске қосу, интеграциялау, миграциясы үшін техникалық қолдау қызметімен әрекеттесу, және де жаңа функционалды тексеру және оны жүйе деректеріне енгізу.
Бізді қызықтыратын дағдылар:
· Ағылшын тілін техникалық деңгейде білу/техникалық әдебиетті оқи алу;
· Персоналды басқару саласындағы сертификаттарға ие болу және жобаларды енгізу тәжірибесі артықшылық береді;
· Іссапарларға және жоғары қарқынды жұмыс жағдайына дайын болу;
· VBA/SQL/Python/Tableu әкімшілендіру тәжірибесі үлкен артықшылық береді;
· Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл. Басшы лауазымдарындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл.
Жалақыдан басқа не ұсынамыз:
· Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
· Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
· KPI жетістіктері бойынша жылдық бонустар;
· Корпоративті ұялы байланыс;
· Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
· Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонементтер;
· Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
· Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
· MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр