Senior Data Engineer Ecosystems
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан астам
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Міндеттері:
  • Компанияның Бірыңғай Деректер Кеңістігінің архитектурасын жасауға және іске асыруға қатысу;
  • Регламентте белгіленген мерзім ішінде деректердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Деректердің сапасын қамтамасыз ету, деректер сапасын бақылау процестерін дайындау және әзірлеу;
  • Федеративтік қолжетімділікті қамтамасыз ететін және әртүрлі көздерден алынған деректерді біріктіретін құралдардың көмегімен, деректерді біріктіру ортасын және пайплайнды (деректер конвейерлерін) жасауға қатысу;
  • ETL/ELT процестерін әзірлеуге, қолдауға және оңтайландыруға қатысу;
  • Аналитиктердің/datascience-тің мүдделеріне орай, деректер витриналарын жасауды және қолдауды қамтамасыз ету;
  • Архитектураны және деректер құрылымын оңтайландыру;
  • ETL/ELT процестері, DWH мәнісі мен нысандары бойынша құжаттаманың өзектілігін қамтамасыз ету.
Қойылатын талаптар:
  • PL/SQL-де және ETL/ELT өнеркәсіптік жүйелерінде (Oracle Data Intergrator, Informatica, Talend) ELT процестерін өздігімен жасау тәжірибесі;
  • SQL-ды сарапшы деңгейінде меңгеру;
  • Деректерді сақтау және өңдеудің бөлінген жүйелерін енгізу және пайдалану тәжірибесі;
  • Star, Snowflake, Data Vault деректер модельдерін білу және пайдалану тәжірибесі;
  • Python, Java және/немесе Scala бойынша білімдері болуы;
  • Hadoop, Spark, Hive, Impala технологиялары стекімен жұмыс тәжірибесі.
Шарттары:
  • Өз ішімізде және сыртта оқыту – MyBook-ке тегін жазылу, Skillbox курстарына корпоративтік жеңілдік;
  • Гибридтік жұмыс форматы – кеңседе және/немесе қашықтан жұмыс істеу – максималды өнімділік қағидасына қарай шешеміз;
  • Кәсіби даму және карьералық өсу мүмкіндігі – сенің қосқан үлесің елеусіз қалмайды;
  • Сенімді сақтандыру компаниясында медициналық сақтандыру, отбасы мүшелерін қосу мүмкіндігімен – біз сіздің және жақындарыңыздың денсаулықтарыңызды ойлаймыз;
  • Қызметтік мобильді байланыс – бұл міндетті түрде, ал оған қоса жағымды бонусымыз бар – біздің абоненттерімізге ұсынып отырған барлық қызметтерімізді тегін пайдаланасыз;
  • Жылдық бонус бағдарламасы – мақсат қой, оларға қол жеткіз, бонустарыңды ал, барлығы әділ;
  • Фитнес қызметтерін корпоративтік ұсыну – үздік фитнес орталықтарының жылдық абонементін біздің қызметкерлеріміз бөліп төлей алады;
  • Қала орталығындағы жайлы заманауи кеңсе – жарық әрі ыңғайлы open space демалыс аумақтарымен және жабдықталған сөйлесу бөлмелерімен бірге.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...