Senior Data Engineer (CVM)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан астам
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Компанияның Бірыңғай Деректер Кеңістігінің архитектурасын жасауға және іске қосуға қатысу;
  • Деректердің регламенттелген мерзімдерде қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
  • Деректердің сапасын қамтамасыз ету, деректердің сапасын бақылау процестерін жасау және енгізу;
  • Федеративті кіруді қамтамасыз ететін және әртүрлі көздердегі деректерді біріктіретін құралдардың көмегімен деректерді интеграциялау ортасын және пайплайндарды (деректер конвейерлерін) жасауға қатысу;
  • ETL/ELT процестерін жасауға, қолдауға және оңтайландыруға қатысу;
  • Аналитиктердің/datascience-тің мүдделеріне орай, деректер витриналарын жасауды және қолдауды қамтамасыз ету;
  • Архитектураны және деректердің құрылымдарын оңтайландыру;
  • ETL/ELT процестері бойынша, DWH мәні мен объектілері бойынша құжаттаманың өзектілігін қамтамасыз ету.
Бізге не қажет:
  • PL/SQL-да және ETL/ELT өнеркәсіптік жүйелерінде (Oracle Data Intergrator, Informatica, Talend) ELT процестерін өздігімен жасау тәжірибесі;
  • SQL-ды сарапшылық деңгейде білу;
  • Деректерді сақтауға және өңдеуге арналған бөлгіш жүйелерді енгізу және пайдалану тәжірибесі;
  • Star, Snowflake, Data Vault деректер модельдерін білу және іске қосу тәжірибесі;
  • Python, Java және/немесе Scala білу;
  • Hadoop, Spark, Hive, Impala технологиялары стекімен жұмыс тәжірибесі
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...