Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 6 - 9 жыл Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы
Міндеттері:
Компанияның Бірыңғай Деректер Кеңістігінің архитектурасын жасауға және іске асыруға қатысу;
Регламентте белгіленген мерзім ішінде деректердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Деректердің сапасын қамтамасыз ету, деректер сапасын бақылау процестерін дайындау және әзірлеу;
Федеративтік қолжетімділікті қамтамасыз ететін және әртүрлі көздерден алынған деректерді біріктіретін құралдардың көмегімен, деректерді біріктіру ортасын және пайплайнды (деректер конвейерлерін) жасауға қатысу;
ETL/ELT процестерін әзірлеуге, қолдауға және оңтайландыруға қатысу;
Аналитиктердің/datascience-тің мүдделеріне орай, деректер витриналарын жасауды және қолдауды қамтамасыз ету;
Архитектураны және деректер құрылымын оңтайландыру;
ETL/ELT процестері, DWH мәнісі мен нысандары бойынша құжаттаманың өзектілігін қамтамасыз ету.
Қойылатын талаптар:
PL/SQL-де және ETL/ELT өнеркәсіптік жүйелерінде (Oracle Data Intergrator, Informatica, Talend) ELT процестерін өздігімен жасау тәжірибесі;
SQL-ды сарапшы деңгейінде меңгеру;
Деректерді сақтау және өңдеудің бөлінген жүйелерін енгізу және пайдалану тәжірибесі;
Star, Snowflake, Data Vault деректер модельдерін білу және пайдалану тәжірибесі;
Python, Java және/немесе Scala бойынша білімдері болуы;
Hadoop, Spark, Hive, Impala технологиялары стекімен жұмыс тәжірибесі.
Шарттары:
Өз ішімізде және сыртта оқыту – MyBook-ке тегін жазылу, Skillbox курстарына корпоративтік жеңілдік;
Гибридтік жұмыс форматы – кеңседе және/немесе қашықтан жұмыс істеу – максималды өнімділік қағидасына қарай шешеміз;
Кәсіби даму және карьералық өсу мүмкіндігі – сенің қосқан үлесің елеусіз қалмайды;
Сенімді сақтандыру компаниясында медициналық сақтандыру, отбасы мүшелерін қосу мүмкіндігімен – біз сіздің және жақындарыңыздың денсаулықтарыңызды ойлаймыз;
Қызметтік мобильді байланыс – бұл міндетті түрде, ал оған қоса жағымды бонусымыз бар – біздің абоненттерімізге ұсынып отырған барлық қызметтерімізді тегін пайдаланасыз;
Жылдық бонус бағдарламасы – мақсат қой, оларға қол жеткіз, бонустарыңды ал, барлығы әділ;
Фитнес қызметтерін корпоративтік ұсыну – үздік фитнес орталықтарының жылдық абонементін біздің қызметкерлеріміз бөліп төлей алады;
Қала орталығындағы жайлы заманауи кеңсе – жарық әрі ыңғайлы open space демалыс аумақтарымен және жабдықталған сөйлесу бөлмелерімен бірге.