Биллинг және ІТ жүйелері мониторингінің аға инженері

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Төмендегілерді сізге сеніп тапсырамыз:
·            Биллинг және АТ жүйелерінің мониторингін жүргізу, Incident Management (Creatio) жүйесінде келеңсіздіктермен жұмыс жүргізу, хабарлама процедураларына сәйкес жауапты мамандарға және басшылыққа ақаулар және келеңсіздіктер туралы хабарлау;
·            Биллингтің ай сайынғы кезекті есептеуін жүргізу, тестілік номерлердегі НСФ/ЭСФ мәліметтерінің дұрыстығын тексеру, CHECK LIST әкімшілендіру және жұмысқа жарамды күйде ұстау;
·            Қарым-қатынас процедураларына сәйкес сыртқы серіктестермен қарым-қатынас жасау;
·            Бизнеске қолдау көрсету бөліміне арнап Компания абоненттерінің арыздарына қатысты жаңа есептемелерді құрастыру және енгізу, бейресми операцияларға қызмет көрсету, қолдау процедуралары мен операцияларын уақытылы жаңартып отыру;
·            Биллингтік жүйені құрастырушымен әрекеттесу, орын алған проблемаларды реттеу, ҚР бойынша сервистердің болмауы/ақаулары кезінде КДҚК (клиентттерге дилерлік қызмет көрсету) бөлімінің және Компанияның басқа да қызметкерлерінің почтасына хабарламалар жіберу;
·            Жүйе әкімшілерінің сұрауы бойынша серверлерді тоқтату/іске қосу, жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін request және invoice бойынша AD есептік жазбаларын байланыстыру;
·            Қазынашылық және касса бөлімінің сұрауына сәйкес Төлем жүйелерінің үлесін ұлғайту.
Сізден төмендегілерді күтеміз:
·            Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибеңіз кемінде 1 жыл;
·            Microsoft Word, Excel, Power Point, Microsoft Visio, Remedy, Creatio, U2020, SOME, BI, SQL бағдарламаларымен жұмыс істей білесіз;
Ұялы байланыс саласын және GSM, UMTS, LTE, NR стандарттарын білесіз..
Жалақыдан басқа не ұсынамыз:
·            Тұрақты жалақы және жылдық лайықты сыйақы;
·            Корпоративтік ұялы байланыс;
·            28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
·            Қосымша медициналық сақтандыру;
·            Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
·            MyBook-ке тегін жазылу;
·            Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр