Сақтандыру бағдарламалары, трейд-ин және т.б. сияқты қосымша өнімдерді енгізу және дамыту процесін басқарады;
Экономикалық көрсеткіштерді талдауды қамтамасыз етеді, есептерді дайындайды;
Маркетингтік бастамалардың коммерциялық тиімділігін бағалайды;
Altel/Tele2 абоненттеріне арналған адалдық бағдарламаларын жасау және дамыту;
Абоненттердің LTV-сін және 4G/VoLTE/5G ұстайтын девайстардың үлесін арттыру мақсатында, ағымдағы абоненттер базасымен жұмыс істеу;
Өзінің тікелей бастығының және Компания басшылығының басқа да бұйрықтары мен өкімдерін орындау;
Бастығының тапсырмасы бойынша, бөлімшенің еңбек демалысындағы, іс-сапардағы немесе уақытша жұмысқа жарамсыз (ауырып жатқан) қызметкерін алмастыру;
Компанияның іскерлік әдеп нормаларын сақтау, Компанияның клиенттері мен қызметкерлеріне сыпайы, ұстамды, құрметке толы қарым-қатынаста болу;
Құпиялылық туралы келісімнің шарттарын сақтау және компанияның коммерциялық құпиясын сақтау;
Бастығының алдында істелінген жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы ауызша және жазбаша есеп беру;
Компанияда ұсынылатын қызметтердің сапасына қалай болса да әсерін тигізуі мүмкін болған кез-келген оқиға туралы ақпаратқа, сондай-ақ корпоративтік клиенттерді жоғалту немесе пайданың төмендеу қаупіне жедел жауап берілуін жүзеге асыру және басшылық пен мүдделі бөлімшелерге хабарлау;
Кіріс/шығыс хат-хабармен жұмысты жүзеге асыру;
процестерді оңтайландыруға бағытталған кросс-функционалды жобаларға қатысу;
Өзінің біліктілігін ұдайы жоғарылату, шектес жұмыс учаскелерін меңгеру.
Қойылатын талаптар:
Білімі: Жоғары (аяқталған/аяқталмаған) математикалық / техникалық /экономикалық/ қаржылық білім;
Жұмыс тәжірибесі: телеком саласындағы жұмыс тәжірибесі – кем дегенде 1 жыл / ірі ритейлерде (жауапкершілігі – смартфондарды сату) – кем дегенде 2 жыл;
Басшылық тәжірибесі: міндетті;
IT саласындағы білімдері мен дағдылары: Абоненттердің құрылғыларының (смартфондар, планшеттер және басқасы) техникалық сипаттізімдерін білу, жақсы аналитикалық білімдер, мерчандайзинг дағдылары, болжамдарды жасау және басқасы;
Адамдармен тіл табыса білу, жақсы презентациялық дағдылар, ашықтық, жауапкершілік, бастамашылдық, білімқұмарлық;
Excel-ді жақсы меңгеру, графиктерді құра білу, Power point-те презентацияларды жасай алу, жобаларды басқару бойынша бағдарламаларды меңгеру;
Тілдерді білуі: Қазақ тілі – ауызекі тілді білуі тиіс (абзал), Орыс тілі – еркін меңгеруі тиіс, Ағылшын тілі – білгені жақсы.