Senior Agile Coach
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Agile тәсілдерін енгізуді қамтамасыз ету және өзгерістерге бейімделуді жеңілдету үшін өзгерістерді басқару процесіне қатысу;
  • Ұйымдағы Agile-процестерді жобалауға және қолдауға қатысу, оларды бірегей қажеттіліктерге сәйкес бейімдеу;
  • Синхрондау, тәжірибе және практика алмасу үшін компаниядағы басқа Agile коучтармен және Scrum шеберлерімен өзара әрекеттесу;
  • Командалар мен басшыларға Agile тәжірибелері мен принциптерін енгізуге көмектесу;
Лауазымда абоненттерге қатысты құпия ақпаратпен жұмыс істеу керек болады.
Бізге не қажет:
  • Agile-ді масштабтау, трансформациялық өзгерістерді енгізу, инновацияларды басқару процестерін әзірлеу және енгізу, сондай-ақ стратегияны орындау бағдарламаларын іске қосу саласында кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Жобаларды басқарудың және бизнес-процестердің негізгі принциптерін білу: бизнесті әкімшілендіру, жобаларды басқару, стратегиялық жоспарлау саласында;
  • Телеком саласында жұмыс істеген болса, нұр үстіне нұр;
  • Жоғары коммуникативті қасиеттер, процестер мен талаптардың өзгеруіне тез икемделу және бейімделу; жүйелі ойлау, ынталы және шабыт беретін көшбасшы.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Гибридті немесе қашықтан істейтін жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер