Еңбекақы есептеуші аға бухгалтер
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Біздің үздік үміткеріміз:
  • Білімі: жоғары;
  • 1С8-бен жұмыс тәжірибесі;
  • Excel сенімді қолдану (ілгерінді деңгейде білсе, нұр үстіне нұр);
  • ҚР салық және еңбек заңнамасын білу;
  • Осыған ұқсас лауазымда кем деген 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Азаматтық-құқықтық сипаттағы есептеулерді жүргізу (кері есептеу, салықтарды есептеу және тексеру, АВР жинау, дұрыстығын бақылау);
  • Аванстық есептермен жұмыс (қағаз құжаттарды жүргізу, сұрату және жинау, электронды құжаттармен салыстыру, мұрағаттау);
  • Ұйымның еңбекақысын есептеуге және бір рет төленетін төлемдерді есептеуге көмектесу (кері есептеу);
  • Күнделікті төлемдерді дайындау (Онлайн-Банкпен жұмыс).
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...