Скоринг және дебиторлық берешектермен жұмыс менеджері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы қ.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Дебиторлық берешектерді өндіру жұмыстарын атқарушы қызметкерлер мен сауда қызметін қолдаушы қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және бақылау;
  • Бизнес-процестерді оңтайландыру және реттеу;
  • Корпоративті сауда қызметі бизнес-процестерінің схемаларын, сипаттамаларын, модельдерін құрастыру;
  • Корпоративті сауда қызметінің ішкі процестерінің стандарттарын құрастыру және өзектілендіру;
  • Дебиторлық берешектермен жұмыс істеуді және сауда қызметін қолдау жұмыстарын автоматтандыруға арналған ТТ (техникалық тапсырмаларды) жасау;
  • Корпоративті клиенттердің дебиторлық берешектерін өндіріп алу және сауда қызметін қолдау процестерінің үздіксіздігін және дұрыстығын қамтамасыз ету.
Біздің үздік үміткеріміз:
  • Жоғары қаржылық/экономикалық білім иесі;
  • Дебиторлық берешектермен 2 жылдан артық жұмыс істеу тәжірибесі бар;
  • Команданы басқаруда кемінде 1 жыл тәжірибесі бар;
  • Скорингтік модельдер құрастыру тәжірибесі бар;
  • Кредит қоржынын талдау дағдысына ие;
  • ДК жетік біледі (MS Word, Power Point, MS Excel)
Карьералық өсу, ресми жұмысқа орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы немесе қашықтықтан жұмыс істеу және жұмыстың басталу уақытының ыңғайлылығы;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • Корпоративті ұялы байланыс
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонементтер;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер