Сауда тобының супервайзері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сіздің негізгі міндеттеріңіз:
  • Telemarketing және eShop топтарының жобаларын жасау және басқару;
  • Компанияның қызметтері мен шешімдерін телефон арқылы жарнамалау, компания жаңалықтарын тарату және де компанияның өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат тарату;
  • Жұмыс стандарттарын сақтау және дерекқорға ақпарат енгізу, есептілікті жүргізу;
  • Telemarketing және eShop топтарына қатысты жобалар мен функцияларды ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету;
  • Telemarketing және eShop топтарына қатысты сауда жоспарын болжау және орындалуын бақылау жүйесін құру.
Біздің үздік үміткеріміздің машықтары:
  • Биллингтік жүйе, телекоммуникациялық технологиялар салаларында білімі бар;
  • Интернет-жүйелердің жұмыс қағидаларын біледі;
  • Іскерлік хат алмасу, телефон арқылы келіссөздер жүргізу дағдысы бар;
  • Жұмыс процестерін ұйымдастыра алады, есептемелерді талдай біледі;
  • Қызметкерлерді басқару: қызметкерлерді оқыту және ынталандыру түрлері мен әдістерін біледі.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес
  • Тұрақты еңбекақы және лайықты жылдық сыйақы;
  • Корпоративті ұялы байланыс;
  • Жылына 28 күнтізбелік күндік демалыс;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден оқу;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу;
  • Фитнес қызметтерге корпоративті ұсыныс;
  • Алматы қаласының орталығында орналасқан жаңа заманауи кеңсе.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр