Роуминг менеджері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы қ.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Халықаралық байланыс операторларымен келіссөздер жүргізу, коммерциялық шарттарды/трафик алмасу мәмілелерін келісу, жаңа серіктестерді іздеу және тарту;
  • Халықаралық роуминг қызметтерінің шығындарын азайту мақсатында интерконнект тарифтерін талдау, сондай-ақ арнайы оператораралық тарифтер мен роуминг қызметтерін ұсыну шарттарын келісу және сол туралы келісімшарттарды жасасу;
  • Жоспарланған бағыттарды коммерциялық емес тестілеуді, қосымша қызметтерді (CAMEL, GPRS, LTE және т. б.) тестілеуді қоса алғанда, тестілеудің барлық түрлерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және орындау);
  • Халықаралық роуминг қызметтерінің үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында, қызмет көрсетушілермен (сигналдық, Roaming Hub, GRX, IPX және басқа провайдерлер) өзара әрекеттестікте жұмыс істеу;
  • Әкімшілік, техникалық және биллингтік құрылымдардағы өзгерістерді немесе жаңартуларды көрсететін қажетті ақпарат пен құжаттаманы уақтылы алмасу үшін роуминг серіктестерімен өзара әрекеттесе жұмыс істеу;
  • Халықаралық роумингте қосымша қызметтер функционалын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу (Стиринг, сигнал алмасу, деректер клирингі, пакеттік деректермен алмасу, VoLTE, SMS пен дауыстық сервистерді маршруттау және т. б.);
  • Роуминг және халықаралық интерконнект қызметтерін көрсету бойынша жобалық жұмысқа қатысу;
  • Бизнес-кейстерді есептеу.
Біздің үздік үміткеріміз:
  • Жоғары экономикалық, IT немесе техникалық білім;
  • Телекоммуникация саласындағы ұқсас лауазымда кем дегенде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Роуминг қызметтерін ұйымдастыру және көрсету принциптерін, байланыс стандарттары мен технологияларын, GSMA нормативтік актілері мен ерекшеліктерін білу;
  • Келіссөздер жүргізу, презентациялар өткізу, жобаларды басқару машықтары;
  • Есептеу техникасы мен компьютерлік техниканы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалана білу;
  • Ағылшын тілін кем дегенде Upper-Intermediate деңгейінде білу.
Карьералық өсу, ресми жұмысқа орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы немесе қашықтықтан жұмыс істеу және жұмыстың басталу уақытының ыңғайлылығы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар;
  • Корпоративті ұялы байланыс
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонеменеттер;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...