Роуминг бойынша эксперт
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сіздің басты міндеттеріңіз
  • Компанияның желісінде Roaming сервистерді аппараттық және бағдарламалық жасақтауды білу;
  • Roaming сервистерінің бағдарламалық жасақтамасы мен жабдықтарын біріктіруге және пайдалануға байланысты әртүрлі техникалық мәселелерді шешу;
  • Сапаның статистикалық көрсеткіштерін талдау, Roaming сервистерінің бағдарламалық жасақтамасымен және жабдықтарымен байланысты желідегі тар немесе проблемалық орындарды анықтау;
  • Бағдарламалық жасақтама мен жабдықты өндірушіні тартпай-ақ қажетті түзетулер жасауға қажетті жолдар мен шешімдерді іздеу;
  • Ағымдағы бағдарламалық жасақтама мен жабдықтың жұмысын талдау, мүмкін болған жерде оңтайландыруды талдау және ұсыну;
  • Бағдарламалық жасақтама мен жабдықты өндірушімен өзара байланыста болу;
  • Бөлім жабдықтарындағы барлық конфигурациялық өзгерістерді бақылау;
  • B2B / B2C басым міндеттерін шешу үшін, Roaming сервистерінің ағымдағы функционалына жаңа өнімдерді енгізуге қатысу.
Біздің үздік үміткерімізде
  • GSM/ UMTS/LTE стандартының желілерін құру принциптерін жақсы білу;
  • Коммутаторлармен (MSC және IMS) жұмыс істеудегі практикалық машықтар;
  • MS Windows-ті, терминалдық бағдарламаларды өте жақсы білу;
  • Ағылшын тілі – техникалық ағылшын тілін жақсы меңгеру;
  • Техникалық салада кем дегенде 4 жыл жұмыс істеген болуы керек.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр