Жеке бөлшек саудамен жұмыс жөніндегі супервайзер (Қарағанды қ.)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жылы
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Қарағанды қ.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Өңірдегі монобрендті салондардағы қызметкерлердің қызметіне басшылық жасау;
  • Ұжымның жұмысын жоспарлау, тәртіпті бақылау, аймақтағы монобрендті салон қызметкерлеріне кеңес беру және олардың іс-әрекеттерін түзету;
  • Монобрендті салондар мен модульдердің мамандарын инновациялар (тарифтердегі, қызметтердегі өзгерістер, жарнамалық акциялар өткізу) туралы хабардар ету;
  • Басшылыққа монобрендті салондар мен модульдердің қызметі туралы есептерді уақтылы ұсынып отыру;
  • Монобрендті салондар мен модульдер қызметкерлерінің бағалауға арналған әңгімелесулерді өткізу;
  • Персоналдың құзыреттілігін арттыру мақсатында өңірде монобрендті салондар қызметкерлерін оқыту және кәсіби дамыту процесін жүзеге асыру;
  • Абоненттердің туындаған мәселелерін шешу, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету және компанияның беделін арттыру мақсатында шағымдардың алдын алу;
  • Бекітілген кестеге сәйкес кассалық құжаттаманың толтырылуын, инкассацияның уақтылы жүргізілуін бақылау.
Біздің үздік үміткерімізде:
  • Жоғары білім/арнайы орта білім;
  • Қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі;
  • Құрамы 5 адамнан асатын команданы басқару тәжірибесі;
  • Клиенттермен қарым-қатынас орната білу, адамдармен тез тіл табысу;
  • Эмпатияның жоғары деңгейі;
  • Дерекқорлармен және статистикалық есептермен жұмыс істеу.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және тек бұлар ғана емес:
  • Жұмысқа ресми түрде қабылдау;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр