Өңір басшысы (Өскемен қ.)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Өскемен қ.
Біз сізге сеніп тапсырамыз:
  • Компанияның өңірлік бөлімшесіне басшылық ету, компания өнімдері бойынша сату жоспарларының орындалуын және қызмет көрсету сапасы бойынша көрсеткіштерді бақылау;
  • Нарықтың ерекшелігі мен бәсекелес ортаны ескере отырып, өңірдің даму стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
  • Команданы басқару, мақсат қою, оларға қол жеткізуді бақылау, қызметкерлерді оқыту;
  • Сатудың өсуін қамтамасыз ету және нарықтың өңірдегі үлесін арттыру;
  • Серіктестермен өзара байланыс орнату, дилерлік желіні дамыту;
  • Клиенттерге қызмет көрсету сапасын бақылау, клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту.
Біз сізден не күтеміз:
  • Телекоммуникация саласында басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі, телекоммуникация нарығын, байланыс операторларының өнімдері мен қызметтерін білу;
  • Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару машықтары;
  • Команданы басқару тәжірибесі, қызметкерлерді іріктеу, ынталандыру және дамыту;
  • Негізгі бизнес-процестерді, сатуды, клиенттерге қызмет көрсетуді, серіктестік желіні дамытуды түсіну;
  • Аналитика және есеп беру машықтары, қорытынды жасай білу және деректер негізінде процестерді оңтайландыру.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және тек бұлар ғана емес:
  • Гибридті немесе қашықтан жұмыс істеу форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр