Recruitment Teamlead
(Іріктеу тобының басшысы)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан астам
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сен немен айналысасың:
  • Қызметкерлерді жалдаудың сапасы мен тиімділігін жақсарту үшін, заманауи құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, компанияға персоналды іріктеу процесін автоматтандыру.
  • Қызметкерлерді жалдау процестерінің жемісті болуын бақылауда ұстау және соған қатысты аналитиканы ұсыну, деректерді жүйелі түрде талдап отыру және жалдау процесін жақсарту мен оңтайландыруға қатысты ұсыныстарды енгізу.
  • Көпшілік, цифрлық, сарапшылық сияқты түрлі лауазымдарға ізденушілердің пайдаланушылық жолын басқару арқылы, елде үміткерлерді іріктеудің озық тәжірибесін жасау.
  • Рекрутерлердің жұмысын үйлестіру, басымдықтарды белгілеу, міндеттерді бөліп беру және команда жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету.
  • Цифрлық саладағы таланттарды тартатын жобаларды (студенттерге арналған тағылымдамалар, хакатондар) үйлестіру.
  • Әртүрлі көздерді, оның ішінде үміткерлерді сырттан іздеуді, әлеуметтік желілерді, кәсіпқойлардың желілерін және басқа да инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, негізгі лауазымдарға үміткерлерді іздеуге және іріктеуге белсене араласу.
  • Компанияның жобаларына қатысу, рекрутинг және қызметкерлерді жалдау процестерін автоматтандыру саласына сарапшылық қолдау көрсету.
Біз сенен не күтеміз:
  • Білімің: жоғары
  • Басқару тәжірибең кем дегенде 3 жыл
  • Жұмыс тәжірибең: телеком саласында болса – нұр үстіне нұр болады, ірі рекрутинг компанияларында/IT рекрутмент саласында 5 жылдан астам
  • Құзыреттер бойынша сұхбат жүргізуге, сауалнамалар алуға мықтап машықтанғансың, үміткерлерді бағалау құралдарымен жұмыс тәжірибең бар
  • Құзыреттерің: адамдармен тез табысасың, ашықсың, шапшаңсың, өз бетіңмен әрекет ете аласың, аналитикалық қабілеттерің бар
  • Excel-ді сенімді пайдаланасың, ағылшын тілін Intermediate деңгейінде білесің.
Біз не ұсынамыз:
  • Тұрақты жалақы және жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...