Project Manager QBR
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Міндеттері:
  • QBR процесінің жол картасын жасауға қатысу, оның ішінде мақсаттарды, жеткізілетін құндылықтарды айқындауға, ресурстар мен негізгі кезеңдерді мерзім бойынша бөлуге;
  • QBR процесі бойынша командалар мен трайбтарды әдіснамалық қолдау: команданың мақсаттарын компанияның стратегиялық мақсаттарымен сәйкестендіру, QBR процесіне қажетті деректер мен ақпаратты жинау;
  • Бизнестің тиімділігін біртұтас түсінуді қамтамасыз ету үшін, командалардың, трайбтардың және бөлімшелердің арасында тиімді қарым-қатынастар мен үйлесімділік орнауына жәрдемдесу.
  • QBR процесі бойынша есептер мен презентацияларды дайындау, оның ішінде жақсарту бойынша ұсынымдарды.
  • Мүдделі тараптардың: командалардың, стейкхолдерлердің қатысуымен QBR негізгі оқиғалары мен жалпы кездесулерді үйлестіру, және кездесулердің мақсатына қол жеткізу;
  • QBR процесін жетілдіру: бұрыннан келе жатқан бизнес процестерді ұдайы бағалау және талдау, кемшіліктерді, кедергілерді және жақсартылуы тиіс салаларды анықтау, өнімділік пен тиімділікті арттыруға қатысты тәуекелдерді бағалау және алдыңғы қатарлы практикаларды ендіру;
  • Процесс бойынша білім қорын жүргізу;
  • Өзгерістерді басқару: жаңа процестерді сәтті ендіруді қамтамасыз ету үшін, өзгерістер бойынша бастамаларды басқаруды қолдау;
  • Тиімділікті өлшеу және алға басуды қадағалау үшін, негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) айқындау.
Қойылатын талаптар:
  • Экономика, іскерлік әкімшілендіру, қаржы немесе осылармен шектес салалардағы жоғары білім. Магистр дәрежесі артықшылығы болмақ;
  • Түрлі салалардағы жобаларды бизнес процестері мен стратегияларын түсіне отырып және Agile, Scrum, OKR құралдары мен әдістерін қолдана отырып басқару тәжірибесі, QBR кем дегенде 3 жыл және одан көп болғаны жақсы;
  • Ұйымдастырушылық, өкімдік және нормативтік құжаттарды жасау машықтары (тұжырымдар, регламенттер, ережелер, нұсқаулықтар);
  • Мықты аналитикалық машықтар: деректерді түсіндіру, болжамдарды жасау және тексеру қабілеті;
  • Кросс-функционалды ынтымақтастық және өнім командаларымен жұмыс тәжірибесі;
  • Визуалдау және бірлесе жұмыс істеу қағидаларын білу: Tableau, Power BI, Jira;
  • Тамаша коммуникативтік машықтар және күрделі ақпаратты нақты әрі қысқа түрде жеткізу мүмкіндігі бар презентацияларды дайындай білу;
  • Стратегиялық жоспарлау және ұйымдағы ресурстарды басқару тәжірибесі;
  • Ашықтық, икемділік және жедел дамып отырған және динамикалы бизнес ортаға тез бейімделу қабілеті, командада жұмыс істей алу, стреске төзімділік, эмоциялық интеллект, стратегиялық ойлау.
Жасалатын жағдайлар:
  • Тұрақты еңбекақы және жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...