CVM-дегі Project manager IT
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • IT жобаларын бастама фазасынан бастап нарыққа шығару фазасына дейін жүргізу;
  • Жоба жұмыстарының тұтас циклін орындауға қажетті бюджетті есептеу (қажет болған жағдайда);
  • Талаптарды жинау және талдау, техникалық мамандарға қойылатын міндеттерді өздігімен жасап шығу және қою;
  • Техникалық тапсырмаларды жасау, жоба құжаттамасын дайындау, басымдықтарды белгілеу;
  • Тәуекелдерді талдау және анықтау, сондай-ақ оларды басқару стратегиясын жасау;
  • Жасау командасымен және product owner/product manager өзара әрекеттестікте болу;
  • Презентациялық материалдарды, демо-нұсқаларды дайындау, басшылыққа/командаға берілетін есептерді жасау;
  • Шұғыл талқылау және шешім қабылдау үшін спринтерлік кездесулерді өткізу.
Біздің үздік үміткеріміздің машықтары
  • Жоғары білім;
  • Project Manager лауазымында 3 жылдан астам жұмыс істеу;
  • Бизнес-процестерін құру тәжірибесі;
  • IT-жобалармен жұмыс тәжірибесі;
  • Ағылшын тілін білсе, артықшылығы болмақ;
  • IT-жобаларын жасау процесі туралы түсінігі болу;
  • Телеком саласында жұмыс істеген болса, нұр үстіне нұр;
  • Жүйелі ойлау машықтары;
  • Project management, Communication, Risk management саласындағы білім;
  • Жобалау менеджменті (PMP, PSM және басқа) саласында сертификаты болғаны құпталады.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің ыңғайлы басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...