Сатып алуларды жүргізу және шарттарды жасасу жөніндегі менеджер
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы
Міндеттері:
Электронды сатып алулардың ақпараттық жүйесінде («Самұрық-Қазына» АҚ-ның электронды сатып алуларды жүргізуге арналған ақпараттық жүйесі) сатып алуларды жүргізу;
Электронды сатып алулардың ақпараттық жүйесінде өтінім беруден бастап шарт жасасуға дейінгі сатып алу процестерін жүргізу және ақпараттық қолдау;
Электронды сатып алулардың ақпараттық жүйесінде ішкі тапсырыс берушілерге жұмысқа қатысты консультациялық көмек көрсету;
Электронды сатып алулардың ақпараттық жүйесіндегі және 1С-тегі сатып алулардың қорытындысы бойынша шарттарды жасасу;
Жеткізушілерден және/немесе уәкілетті органнан өзіміздің сатып алу санатымыз бойынша сатып алу мәселелеріне қатысты келіп түсіп жататын ақпаратты ұсыну;
Талап қою жұмысын жүргізу;
Сатып алу мәселелері бойынша жүйелі есептілікті дайындап отыру;
Компанияның сатып алуларын Компанияның белгіленген саясатына сәйкес жүзеге асыру ережелерін сақтау;
Сатып алу мәселелерінде Компанияның функцияларымен өзара кросс-функционалдық әрекеттестікте болу.
Қойылатын талаптар:
Жоғары білім;
Халықаралық компанияда, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында сатып алу саласындағы жұмыс тәжірибесі немесе қаржы/коммерциялық секторда сауда мәмілелерін жасасу тәжірибесі;
Келіссөз жүргізу, жоба жасау, презентация өткізу машықтары;
Microsoft Word, Excel, Power point, 1C, Outlook бағдарламаларымен жұмыс істей алу.