Энергетика және климатехника инженері (Шымкент қ.)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Шымкент қ.
Талаптар:
· Жоғары техникалық білім;
· Климатехника және ауаны баптау саласында жұмыс істеу тәжірибесі 3 жылдан кем емес;
· Климатехника және ауаны баптау жүйелерін орнату және пайдалану тәжірибесі;
· ЭЖОЕ, ЭЖТПЕ және басқа да техникалық құжаттамаларды білу;
· Жеке қасиеттері: жауапты, ұқыпты, тыңғылықты, топпен жұмыс істей алады.
Міндеттері:
· Климатехника және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын, дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету;
· Апаттарды жою, климатехника және ауаны баптау жүйелеріндегі апаттарды уақытылы және сапалы түрде жоюды бақылау;
· Климатехника және ауаны баптау жүйелерінің жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарын жүргізу;
· Мердігерлік мекемелермен жұмыс жүргізу, мердігерлік мекемелердің жұмыстарды уақытылы орындауын бақылау;
· Климатехника және ауаны баптау жүйелерінің жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу шартына отыруға арналған қажетті материалдарды дайындау;
· Климатехника және ауаны баптау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және апаттық жағдайларды жою бойынша орындалған жұмыстарды тексеру және қабылдап алу;
· Климатехника және ауаны баптау жүйелерінің жағдайын талдау нәтижелерін рәсімдеу, климатехника және ауаны баптау жүйелерін сатып алуға/жаңартуға арналған техникалық тапсырмаларды құрастыру;
· Климатехника және ауаны баптау жүйелеріне арналған ҚБҚ қажетті мөлшерін есептеу;
· Климатехника және ауаны баптау жүйелерін жаңартуға арналған бюджетті құрастыру және жүргізу.
Жұмыс жағдайлары:
· Жұмыс аптасы 5 күндік, 8:00–17:00 немесе 9:00–18:00, немесе 10:00–19:00 жұмыс кестесін таңдау мүмкіндігі бар;
· Медициналық сақтандыру;
· 28 күндік жыл сайынғы демалыс;
· Ұялы байланыс ақысы төленеді.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр