Төлем сервистерін дамыту жөніндегі директор
Жұмыс тәжірибесі кем дегенде 6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сен немен айналысасың:
  • Нарық талаптарын, саладағы үрдістерді және клиенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, төлем жүйелерін жасау және оларды дамыту стратегияларын іске асыру
  • Төлем жүйелерін енгізумен байланысты жобаларды басқару
  • Төлем жүйелерінің деректерін және өнімділік метрикаларын талдау, тар тұстарын және процестерді оңтайландыруға қажетті мүмкіндіктерді анықтау. Өнімділікті және клиенттік тәжірибені жақсарту стратегияларын жасау және енгізу
  • Сыртқы әріптестермен, төлем қызметтерін жеткізушілермен және реттеу органдарымен өзара әрекеттестік
  • Төлем жүйелерінің жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету, төлем саласындағы тиісті стандарттар мен нормативтерді сақтау. Заңнамадағы және технологиялық талаптардағы өзгерістерді мониторингтеу, талаптарға сәйкес келу үшін, жүйені бейімдеу
  • Төлем жүйелерінің нәтижелерін бағалау және мониторингтеу, жоғары басшылық үшін өнімділік, ілгері басу және стратегиялық мақсаттарға жету туралы есептерді жасау.
Біз сенен не күтеміз:
  • Білімің: жоғары
  • Басқару тәжірибең кем дегенде 5 жыл
  • Жұмыс тәжірибең: телеком саласында болса, нұр үстіне нұр, төлем жүйелері, электронды коммерция, қаржы немесе банк салаларында
  • Әртүрлі төлем жүйелері туралы терең білімің бар, банк транзакциялары, электронды әмияндар, мобильді төлемдер, онлайн-төлем жүйелері және басқа да шектес технологиялар бойынша
  • Ақпараттық технологияларды, қауіпсіздік жүйелерін, төлем жүйелеріне қатысты стандарттар мен хаттамаларды жақсы түсінесің
  • Құзыреттерің: адамдармен жақсы тіл табысасың, ашықсың, шапшаңсың, өз бетіңмен жұмыс істей аласың, аналитикалық қабілетке иесің.
Біз не ұсынамыз:
  • Тұрақты жалақы және жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...