Маңызды әріптестермен жұмыс және digital бағытын дамыту бойынша менеджер
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы қ.
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Сатуды дамыту және digital-бағытты арналар арқылы клиенттік сервисті жақсарту стратегияларын әірлеу және енгізу;
  • Жаңадан негізгі, ұлттық әріптестерді ынтымақтастыққа тарту;
  • Бизнес мүмкіндіктер мен сатуды арттыру үшін, компаниялар арасында тиімді байланысты ұйымдастыру;
  • Іске қосылатын жобаларға қатысты техникалық тапсырмаларды қалыптастыру, тендерлік құжаттаманы, бизнес-кейстерді, коммерциялық ұсыныстарды дайындау, шарттардың талаптары мен драфттарын келісу;
  • Қашықтан бақылау режимінде аппараттық және бағдарламалық жүйелердің жұмысын бақылау, бағдарламалық қамтамасыз ету жаңартуларының жүйелі түрде автоматты орнатылуын тексеру, құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді және SLA талаптарына сәйкестігін бақылау.
  • Аппараттық-бағдарламалық кешендерде көрінетін ақпаратты басқару және өзектілігін қадағалау;
  • Web дизайндарды, аудиофайлдарды жаңарту/жетілдіру, келістіру, пайдаланушы интерфейсінің мәзірін толықтыру;
  • Аппараттық-бағдарламалық кешендерде төлемдерді қабылдау жүйесіне мониторинг жүргізу;
  • Төлемдердің ыңғайлылығын жақсарту
Бізге не қажет:
  • Жоғары білім, маркетингтік болса, нұр үстіне нұр;
  • Онлайн-дүкенді басқару және дамыту тәжірибесі
Еңбекақы төлеумен шектелмейміз
  • Гибридті немесе қашықтан істейтін жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр