Операциялық тиімділік бойынша сарапшы
(Agile Coach)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Командаларға мақсаттарға жетуге және процестерін үнемі жақсартуға көмектесу үшін жоспарлау, ревю, ретроспективалар сияқты трайб/бөлімше деңгейіндегі оқиғаларды ұйымдастыру және жеңілдету;
  • Қызметкерлердің табысқа жетуге қажетті білім мен машықтарға ие болуын қамтамасыз ету үшін өз ішімізден оқытуды жүргізу және командалардың Scrum және Kanban, өнімге бағдарлану, дизайн ойлау және т. б. сияқты Agile әдістемелері мен принциптерін сырттан оқуын ұйымдастыру;
  • Трайб/бөлімше/коучтар командаларының мақсаттарына жетуіне көмектесетін прогреске бөгет жасайтын кедергілерді анықтау және жою;
  • Трайб/бөлімше командаларының ең озық тәжірибелерді қолданатынына, өздерін үнемі дамытып отыратындығына және Agile тәсілінің артықшылықтарын толық пайдаланатындығына көз жеткізу үшін, оларды Agile тұрғысынан бағалау және жетілдіру;
  • Ұйымға Agile-ді енгізуге көмектесу үшін басқа жаттықтырушылармен және мүдделі тараптармен ынтымақтасу.
Бізге не қажет:
  • Консалтинг/Agile-коучинг/стратегиялық басқару/трансформацияны басқару саласында кем дегенде 2 жыл жұмыс істегенсің;
  • Agile: Scrum, Kanban, Lean, OKR және т.б. әдістері мен фреймворктерін білесің. Масштабтау әдістері мен фреймворктерін білесің: LESS, SAFE, трайбтар. Scrum және Kanban командаларын іске қосу, оларға қолдау көрсету және масштабтау бойынша практикалық тәжірибең бар;
  • Коучинг, фасилитации, өзгерістерді басқару, ұйымдастырушылық басқару машықтарың жақсы дамыған;
  • Jira, Confluence, Miro бағдарламаларымен жұмыс істеп көргенсің;
  • Agile сертификатың болса, нұр үстіне нұр.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар;
  • Корпоративті ұялы байланыс;
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонеменеттер;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр