OMNI арналы саясат менеджері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы қ.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • BI жүйесінде (біз Tableau пайдаланамыз) есептемелерді дайындау және құрастыру;
  • Дерекқорда мәліметтерді жинау және дайындау;
  • Upsell және клиенттердің кетуі бойынша AdHoc жүргізу;
  • Кампаниялардың (шаралардың) нәтижесін талдау;
  • А/Б тесттерін жүргізу.
Біздің үздік үміткеріміз:
  • Білімі: маркетинг, бизнесті басқару немесе ұқсас салалардың бакалавры/жоғары білім иесі;
  • SQL (Oracle, Clickhouse) жетік біледі;
  • BI жүйесіндегі (Tableau, Power BI, Apache Superset) жұмыс тәжірибесі бар;
  • Python (Pandas, Scipy, Numpy, Scikit-learn) тілін біледі немесе үйренуге дайын;
  • Жобаға жауапкершілік алуға дайын және оған жетекшілік ете алады;
  • A/B тесттерді жүргізу тәжірибесі бар және статистика негіздерін біледі.
Төмендегілер артықшылық береді:
  • CVM саласындағы жұмыс тәжірибесі;
  • Телеĸоммуниĸация саласындағы жұмыс тәжірибесі
  • Airflow бағдарламасымен жұмыс істей білу.
Карьералық өсу, ресми жұмысқа орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыстың басталу уақытының ыңғайлылығы;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • Корпоративті ұялы байланыс
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонементтер;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр