Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан астам Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы
Сізге нені сеніп тапсырмақпыз:
Жоспарлауды, ресурстарды бөлуді, орындалу мониторингі мен мерзімдерді бақылауды қоса алғанда, құру және жаңғырту жобаларын тиімді басқару;
Процестер мен тәсілдердің тиімділігін арттыруға арналған жобаларды басқаруда оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлеу және іске асыру;
CІP Tracker жүйесін енгізу және дамыту, есеп беруді оңтайландыруға және тапсырыстар мен жұмыстарды басқаруға арналған бағдарламалық өнімдерді пайдалану;
Жоба талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және туындайтын мәселелерді шешу үшін компанияның ішкі бөлімшелерімен және мердігерлермен өзара байланыста жұміс істеу;
Жобалардың барысын қадағалау, сапа стандарттары мен мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Және сізден не күтеміз:
Жобалар мен жобалық командаларды басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 3 жыл; Жобаларды басқару саласындағы кәсіби білім, жобаларды басқару әдістемелерін терең түсіну және оларды желілерді құру мен жаңғыртуда қолдану тәжірибесі; Аналитикалық дағдылар, деректерді талдау, тәуекелдерді бағалау және негізді шешімдерді қабылдау қабілеті;
CIP Tracker және Tableau сияқты есеп беруді автоматтандыру және жобаларды басқару құралдарын білу;
Тиімді қарым-қатынас құра білу және командада жұмыс істей алу, сондай-ақ клиенттермен және мердігерлермен қарым-қатынасын дұрыс басқару;
Өзгерістер мен тәуекелдерді басқару, жобалардың ықтимал тәуекелдерін анықтай білу және оларды азайту стратегияларын әзірлеу;
Жобалық басқару саласында сертификаты болса, артықшылығы болмақ.
Ыңғайлы жұмыс графигінен бөлек, бізде мыналар бар:
KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
Корпоративтік ұялы байланыс;
Ерікті медициналық сақтандыру;
Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;