Веб-қосымшаларды құрастыру және қолдау көрсету:
● Қосымшалардың клиенттерге арналған (frontend) және серверлік (backend) бөлімдерін құрастыру;
● Жаңа функцияларды жүзеге асыру, багтарды түзету, өнімділікті оңтайландыру.
Дерекқорлармен жұмыс істеу:
● Дерекқорларды жобалау, құрастыру және оңтайландыру;
● Күрделі SQL-сұрауларды жазу және ORM жұмыс жасау.
Сыртқы API және сервистермен интеграциялар:
● RESTful және GraphQL API құрастыру және қолдау көрсету;
● Бөгде сервистерді (төлем жүйелерін, сыртқы АРІ) интеграциялау.
Жоба архитектурасымен жұмыс:
● Микросервис архитектурасын және тұтас қосымшаларды құрастыру;
● Архитектуралық шешімдерді оңтайландыру.
UI/UX құрастыру:
● Интерфейсті ыңғайлы ету үшін дизайнерлермен әрекеттесу:
● Дайын UI-кітапханаларындағы компоненттерді пайдалану немесе өз шешімдерін жасап шығару.
Кодтарды тестілеу және баптау:
● Unit-, integration- және e2e-тесттерін жазу;
● Кодты оңтайландыру және рефакторлау.
DevOps және CI/CD жұмыс:
● Жасап шығару, құрастыру және орналастыру ортасын ұйымдастыру;
● Контейнерлеумен (Docker, Kubernetes) жұмыс жасау.
Командамен қарым-қатынас:
● Код-ревюге, архитектураны және техникалық шешімдерді талқылауға қатысу;
● Продакт-менеджерлермен, аналитиктермен және дизайнерлермен әрекеттесу.
Кодтар мен техникалық шешімдердің құжаттарымен жұмыс:
● Жоба бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу;
● API, архитектуралық шешімдержі және басты алгоритмдерді сипаттау;
Қосымшаның жұмысқа жарамдылығын мониторингтеу және қолдау:
● Логтарды қадағалау, продакшндегі оқиғалар мен қателерді жою;
● Өнімділікті талдау және кодыт оңатйландыру.