Middle жүйелік талдаушы (Platform team)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Қолынан келетін және жақсы көретін дағдылары:
  • Бизнестің қажеттіліктерін анықтауға қатысу: бизнес талаптарын жинау, қалыптастыру және оңтайландыру;
  • Бизнес талаптарын техникалық талдау, Digital жүйелерінде және басқа да байланысты жүйелерде қандай өзгертулер қажет екенін анықтау;
  • Бизнес талаптарын іске асыру үшін талап етілетін техникалық шешімдерді жобалау;
  • Confluence-тегі жасау командасына арналған техникалық талаптар мен жобаланатын шешімдерді құжаттау;
  • Талаптарды командамен және сыртқы бөлімшелермен келісу;
  • Іске асыру процесінде жасау командасын қолдау;
  • Test-case-ке және тестілеуге қатысу;
  • Техникалық құжаттаманы дайындау.
Бізді қызықтыратын дағдылар:
  • АТ шешімдерін жобалаудың архитектуралық паттерндерін білу (сервиске бағдарланған, микросервистік, оқиғалы, монолитті және т.б.);
  • REST API жобалау дағдылары;
  • SQL-ді және дерекқорларды жобалау қағидаларын білу;
  • АТ шешімдерін құруға қажетті – бизнесті талдау және жүйені талдау дағдылары;
  • Талдау техникаларын білу. Дұрыс жүйелеу, декомпозициялау, байланыстарын анықтау дағдылары;
  • Талаптарды құрылымдау және сипаттау техникаларын білу;
  • BPMN/UML нотацияларында немесе соған ұқсас нотацияларды диаграммалармен жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Confluence/JIRA, Postman, Swagger, Git құралдарын пайдалана білу;
  • Бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклін және БЖ жасаудың негізгі әдіснамаларын білу;
  • UI/UX базалық білімдері;
  • Сын тұрғысынан және жүйелі түрде ойлау қабілеті.
  • Agile/Scrum командаларымен жұмыс тәжірибесі құпталады.
Жалақыдан басқа не ұсынамыз:
  • Гибридті жұмыс форматы немесе қашықтықтан жұмыс істеу және жұмыстың басталу уақытының ыңғайлылығы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар;
  • Корпоративті ұялы байланыс
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонеменеттер;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...