Middle Жүйе талдаушысы (Platform)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек
  • Бизнестің қажеттіліктерін айқындау: бизнес талаптарын жинау, қалыптастыру және оңтайландыру;
  • Бизнес талаптарын техникалық талдау, Digital жүйелерінің және басқа да байланысты жүйелердің өзгертуді қажет ететін тұстарын анықтау;
  • Бизнес талаптарын іске асыру үшін талап етілетін техникалық шешімдерді жобалау;
  • Confluence-те жасау командасына қажетті техникалық талаптарды және жобаланатын шешімдерді құжаттау;
  • Талаптарды командамен және сыртқы бөлімшелермен келісімдеу;
  • Жасау командасын іске асыру процесінде қолдау;
  • Test-case жасауға және тестілеуге қатысу;
  • Техникалық құжаттаманы дайындау.
Бізге не қажет
  • АТ-шешімдерді жобалаудың архитектуралық паттерндерін білу (сервисті көздейтін, микросервистік, оқиғаға қатысты, монолитті және т. б.)
  • REST API жобалау дағдылары;
  • SQL және дерекқорларды жобалау принциптерін білу;
  • АТ-шешімдерді құруға қажетті бизнес дағдылары мен жүйені талдау дағдылары;
  • Талдау техникаларын білу. Дұрыс жүйелеуді, бөліктерге бөлуді, өзара байланысын анықтай білу;
  • Құрылымдау техникаларын және талаптардың сипаттамаларын білу;
  • BPMN/UML нотацияларында немесе соған ұқсас нотацияларда диаграммалармен жұмыс тәжірибесі;
  • Confluence/JIRA, Postman, Swagger, Git құралдарын пайдалана білу;
  • Бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклін және БЖ жасаудың негізгі әдіснамаларын түсіну;
  • UI/UX бойынша базалық түсінігі болуы.
  • Сын тұрғысынан және жүйелі түрде ойлану қабілеті.
  • Agile/Scrum командаларындағы жұмыс тәжірибесі.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз
  • Гибридті немесе қашықтан істейтін жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр