Middle Жүйені Талдаушы (FMC)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек
  • Бастамашымен және компанияның іргелес бөлімшелерімен өзара байланыста жұмыс атқару (талаптарды нақтылау, талаптарды біріктіру, оларды жүйелеу және ресімдеу, іске асыруға қатысты егжей-тегжейлерін жасауға тартылған қатысушылармен келісу);
  • Ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара байланысын талдау және жобалау;
  • Бизнес талаптарын талдау және оларды жүйенің сипаттамалары мен архитектурасына айналдыру;
  • Бизнес-процестің өзгеруіне байланысты бизнес-талаптарды оларды кейіннен автоматтандыру тұрғысынан жүйелі талдау, кез келген өзгерістердің жарамдылығын талдау, талаптардың сәйкессіздігін жою;
  • Функционалдық талаптарды/техникалық тапсырмаларды құрастыру және жасауға нарядтар қою арқылы, жасауға қатысатын қызмет ішіндегі бөлімдерге өзгерістер енгізу, міндеттер қою туралы шешімдер қабылдау;
  • Конфигурацияға қойылған міндеттердің орындалуын бақылау;
  • Confluence-те талаптарды құжаттау және Jira-да тапсырмаларды орындау.
Бізге не қажет
  • Жүйені талдауда немесе БЖ жасауда кем дегенде 2 жылдық жұмыс тәжірибесі;
  • АТ-шешімдерді құруға қажетті бизнес талдау және жүйені талдау машықтары;
  • Талдау құралдары мен техникаларын білу;
  • MVP принциптерін білу және міндеттерді дұрыс декомпозициялай алу;
  • Ақпараттық жүйелердің архитектурасы негіздерін білу;
  • User Story түріндегі талаптарды сипаттау техникаларын білу;
  • Талаптарды құжаттау, Confluence/JIRA талаптарды құжаттау құралдарын білу;
  • Бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклін және БЖ жасаудың негізгі әдіснамаларын білу;
  • Дерекқор SQL/noSQL білу;
  • Интеграциялық шешімдерді құрудың архитектуралық принциптерін білу (REST, SOAP);
  • Деректерді модельдеу және талдау: Data Flow Diagrams, Sequence Diagrams, Entity-Relationship Diagrams, Class Diagrams, Use Case Diagrams, Activity Diagrams және BPMN-diagrams;
  • Agile/Scrum командаларында жұмыс істей білу.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр