Middle/Senior Java Developer
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Бағдарламалар мен алгоритмдерді жасау, оларды тестілеумен және ретке келтірумен айналысу;
  • Тапсырмалар бойынша қойылатын талаптарды нақтылау тұрғысынан Компания қызметкерлерімен өзара байланыста әрекет ету;
  • Әзірленген бағдарламаларды қосымша талаптарға сәйкес жетілдіру;
  • Техникалық құжаттаманы жасау;
  • Қойылған міндеттерді шешу үшін, дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін айқындау.
Бізге не қажет:
  • Жұмыс тәжірибесі: Java, Spring, Java EE, JBoss AS, Oracle (SQL, PL/SQL), Git, Docker, K8S дерекқорларымен жұмыс;
  • Үлкен артықшылығы болмақ: RabbitMq, Apache Kafka, Linux-ті жақсы білу;
  • Көп пайдаланушыға арналған, көп ағынды, жоғары жүктемелі қолданбаларды, бөлінген микро сервистерді жасау тәжірибесі.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Гибридті немесе қашықтан істейтін жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер