Middle Manual QA (FMC)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Федеративті қол жетімділікті қамтамасыз ететін және әртүрлі көздерден алынатын деректерді біріктіретін құралдарды қолдана отырып, деректерді біріктіру ортасын және пайплайндарды (деректер конвейерлерін) құруға қатысу;
  • Есепке алатын жүйелері мен DWH арасындағы деректерді тасымалдауды автоматтандыру үшін ETL/ELT пакеттерін жасауға қатысу (Data Lake);
  • Витриналарда/бақылау тақталарында (дэшбордтарда) / есептерде жариялауға арналған деректерді дайындау;
  • Өңделетін деректер көлемінің үздіксіз өсуіне байланысты деректерді жинау және дайындау процестерін/процедураларын оңтайландыру;
  • Сыртқы тұтынушыларға арналған деректерді дайындауға және жинауға қатысу (скоринг/верификация жүйелері);
  • Деректерді дайындау және жүктеу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге, қателерді уақтылы жоюға, апат себепті үзілген процестерді қалпына келтіруге жауапты болу;
  • Корпоративтік дерек қоймаларында (Oracle&ClickHouse) деректерді жүктеу процестерінің орындалу реттілігінің синхрондылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету;
  • Деректер ағындарын (жүктеме/модульдік) тестілеу процестерін ұйымдастыруға қатысу;
  • Дерек көздері мен ағындары бойынша құжаттаманы жаңартып отыру.
Бізге не қажет:
  • Дерекқорларды басқарудың реляциялық жүйесі/NoSQL өнеркәсіптік клиент-серверлермен жұмыс тәжірибесі (Oracle, Clickhouse, PostgreSQL, Redis, MongoDB және басқа);
  • Өнеркәсіптік ETL/ELT құралдарымен жұмыс тәжірибесі (Power Centre Informatica / Oracle Data Integrator / Talend және басқа);
  • SQL, PL/SQL-ді ілгерінді деңгейде қолдану тәжірибесі мен дағдылары;
  • Дерек қоймаларын және көп өлшемді текшелерді құру тәжірибесі (OLAP технологиялары);
  • Data Vault, Star scheme, Snowflake scheme дерек модельдерін білу;
  • Business Intelligence платформаларын (Oracle BI, Power BI, QlikView, Tableau) пайдалану тәжірибесі;
  • Төмендегілердің жұмысын түсіну: протоколдар – HTTP(S), LDAP, SMTP, (S)FTP, SOAP; Архитектура: REST, SOA, API; Деректердің құрылымы: JSON, XML, WSDL, XSD;
  • Нұсқаларды басқару жүйелерімен жұмыс тәжірибесі (SVN, Git); Jira / KM – Confluence.
Артықшылығы болмақ:
  • Ауқымды деректерді өңдеу технологияларымен жұмыс тәжірибесі: Hadoop, Spark, Kafka;
  • Apache Hive, Impala-мен жұмыс тәжірибесі;
  • Бөлінген деректерді сақтау және өңдеу жүйелерін құру тәжірибесі;
  • Airflow, NiFi-мен жұмыс тәжірибесі.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change